{metadescription}
ОҚО-да жоғалған қыздың суға батып өлгені белгілі болды
ОҚО-да жоғалған қыздың суға батып өлгені белгілі болды

ОҚО-да жоғалған қыздың суға батып өлгені белгілі болды

Оңтүстік Қазақстанда іздестіріліп жатқан 7 жасар қыздың денесі үшінші күні кешке табылды. Құтқарушылар жеткіншектің мәйітін Кескен арығынан анықтапты. Жаңбырдан кейін арықтың арнасынан асуы салдарынан қыздың денесі едәуір қашықтыққа ағып кеткен көрінеді.   

Ғазиз Тұрманов, ОҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы:

- Жүзе алмауына байланысты да ағып кеткен. 2 шақырым қашықтыққа ағып, сол жерге барып тұрып қалған сияқты.

Арыс ауданынан Сарыағаш жақтағы туыстарына қыдырып келген жеткіншек наурыздың 26-на жоғалған еді. Сол күннен бері дабыл қаққан туыстарына бүкіл ауыл қосылып іздеген. Жүзден аса еріктіден өзге Сарыағаш пен көршілес Шардара аудандарынан 150-ге тарта полицей мен құтқарушы келген болатын. 1-ші сыныпта оқитын қыздың аман-есен табылуына бүкіл ел-жұрт тілеулес болған еді. Тіпті Құркелес ауылдық аймағының әкімдігі қыз дін аман табылды деген жаңсақ хабарлама да таратып үлгерген болатын. Өкінішке қарай, құтқарушылар жеткіншектің мәйітін ғана тапты. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.