{metadescription}
Ауаны ластағандар жазадан тыс қалмады
Ауаны ластағандар жазадан тыс қалмады

Ауаны ластағандар жазадан тыс қалмады

Алматының экологиясына жүрдім-бардым қараған табиғат пайдаланушыларына 79 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мұндай заң бұзушылақтар 2016-17 жылдары жүргізілген ішінара және жоспардан тыс тексеру барысында анықталған.

Алматыда ауаға ірі көлемде зиянды қалдық шығаратын 10-ға жуық қана өнеркәсіп бар деп ақталған экология депратментінің өкілдері, атмосфераның ластану деңгейі төмендегенін айтады. Олардың дерегінше, соңғы үш жылда зиянды қалдықтар көлемі 43 мың тоннадан 38 мың тоннаға дейін азайыпты-мыс. Ал, мамандардың қырына жылу электр станциялары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік құралдары мен қатты отын қолданатын жеке секторлар іліккен. Бірақ, Алматының ауасын ластаушылардың көшін бастап тұрған ТЭЦ-2 жылу қазандығының қашан газға ауысатыны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. 

Талғат Қамбетов, Экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы:

-Сегіз қазандық  бар. Оның ішінде жетеуі кеңес үкіметінің кезінде салынған. Оның бәрін газға ауыстыру оңай шаруа емес. Көптеген қарашатты талап етеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.