{metadescription}
​Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің тұрғындары жарық пен суға жарымай отыр
​Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің тұрғындары жарық пен суға жарымай отыр

​Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің тұрғындары жарық пен суға жарымай отыр

Шенеуніктер оларға осыдан төрт ай бұрын жаңа қоныстарына көшіп келуге рұқсат берген. Тіпті, қолдарына кілтті аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өзі ұстатыпты. Бірақ әкім кеткен соң электр сымдарын қиып, суды тоқтатып тастаған. Содан бері жұрттың арызданбаған жері жоқ.

-Осыдан төрт ай бұрын бұл үйдің тұрғындарына пәтер кілтін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі тапсырыпты. Ол кезде атқамінерлер барлық жағдайдың жасалғанын айтқан. Соған сеніп көшіп келген жұрт шенеуніктер алдап кетті деп отыр.  

Гүлшат Қожанова облыс орталығынан пәтер аларда суды даладан тасып ішем деп мүлдем ойламаған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған оның үйінің не жарығы, не суы жоқ. Жұмысшылар тіршілік нәрін көпқабатты үй ауласындағы бөшкеге құйып қойған. Тұрғындар соны амалдап отыр. Ал кешке май шаммен отыруға мәжбүр. Ұялы телефондарын подъездің есік алдына қондырып қойған электр сыммен қуаттайды. 

Гүлшат Қожанова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Он жыл салынып, ипотека ашқанымызға да он жыл болды. Бірінші желтоқсанда кілтті берді. Не газы жоқ, не  суы жоқ.

 «Нұр Ақтөбе» ықшамауданындағы бұл үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Пәтер кезегінде тұрған 24 шаңырақты осында қоныстандырыпты. Жағдай болмаған соң олардың жартысы пәтер жалдап кетіп қалған. Бір қызығы, шенеуніктер солар қайтып келмейінше жарық пен су бермейміз деп отыр. Оның үсітен қауіп бар көрінеді.

Нұрлан Тұрымов, Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Өрт қауіпсіздігі бар. Бұл үй жаңа үй болғандықтан құбырларынан су жіберсең  тасқын болып кетеді. Қауіп бар да сондай. 

Шенеуніктер ақырында осы үйге жарық беруге келісті. Ал судың қашан қосылары әзірге белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде