{metadescription}
Павлодарда жергілікті блогердің шағымы тұрғындардың ашуын туғызды
Павлодарда жергілікті блогердің шағымы тұрғындардың ашуын туғызды

Павлодарда жергілікті блогердің шағымы тұрғындардың ашуын туғызды

Павлодарда жергілікті блогер мен полицейлерге өкпелеген тұрғындар шу шығарды. Наразы жұрттың айтуынша, олар жылдар бойы үй алдындағы тұраққа көліктерін еш кедергісіз қойып келген. Ал жергілікті блогердің шағымынан соң мұндағы тыйым салушы белгіні аңғарған полицейлер темір тұлпарлардың нөмірлерін шешіп әкетіпті.

Таң атпай үйлерінің алдына жиналған тұрғындардың бастарына бәле тауып берген жергілікті блогерге өкпесі қара қазандай. Азаматтық ұстанымын білдіруді жөн санаған ер адам «жол бойындағы тұраққа түнде көлік қоюға болмайды» деген арнайы белгіні елеп жатқан ешкім жоқ деп полицияға шағымданыпты. Мұны естіп аумаққа жеткен тәртіп сақшылары сол жерде тұрған темір тұлпарлардың нөмірлерін түгел алып қойған.

-Тұрғындардың шулауына үй алдындағы автотұрақта пайда болған мына белгі себеп.Онда түнгі оннан таңғы алтыға дейін бұл жерге көлік қоюға тыйым салынған. Сандалған жұрт енді аумақтан өзге тұрақ таппай дал болуда.

Көліктерінің нөмірсіз тұрғанын таңертең көрген тұрғындардың полицейдердің бұл қылығын түсінгісі жоқ. Өйткені бұған дейін олар ескертулерін арқалап мұнда бір де бір рет келмепті.

Тілеуқабыл Бекперов, Павлодар қаласының тұрғыны:

-Дүйсенбі күні таңертең үн-түнсіз келіп, нөмірін шешіп әкетті менің күйеу баламның машинасының. Ол бәріміз бір үйде тұрамыз. Немерем де балабақшадан қалды. Ол да жұмыстан қалды. Өзі жаңа жұмысқа орналасқан, енді қандай оған атақ келеді солай емес пе? Енді дұрыс емес қой үн-түнсіз кеп шешіп әкеткен.

Жол ережесіне сай жұмыс істеген тәртіп сақшылары соңғы екі күнде жүзден аса темір тұлпардың нөмірін шешіп әкеткен. Ал көлік қоюға тыйым салатын белгілер бұл жерге бір ай бұрын орнатылыпты. Маңайда өзге автотұрақтардың жоғын айтқан жұрт көзі үйренген үй алдындағы тұраққа көліктерін қоя берген. Ал белгілерді орнатқан коммуналшылар оны уақытша қойған едік деп жайбарақат отыр.

Николай Казанин, Павлодар қаласы ТКШ бөлімінің сектор жетекшісі:

– Жол белгілері ол аумаққа уақытша ғана орнатылды. Өйткені, тұрғындар көліктерін қалай болса солай қоя салады. Бұл өз кезегінде түндегі қар тазалау жұмысына бөгет жасайды. Сондықтан Ішкі істер басқармасымен келісіп, қыста осындай белгілерді орнатқан едік. 1-ші сәуірден бастап оларды алып тастаймыз.

Шаһар бойынша биыл қыста осындай жеті бірдей тұраққа уақытша белгілер қойылған. Әйтпегенде, тынбай жауған қалың қарды тазалап шығару мүмкін болмапты. Ал блогермен қоса, полицейлерге өкпелеп қалған тұрғындар енді ереже бұзғандары үшін 6 мың теңгеден айыппұл төлеуі тиіс. 

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде