{metadescription}
Қарағанды емханаларының бірінде ақылы қызмет құны 5 есеге артып кетті
Қарағанды емханаларының бірінде ақылы қызмет құны 5 есеге артып кетті

Қарағанды емханаларының бірінде ақылы қызмет құны 5 есеге артып кетті

Өйткені емхананы шенеуніктер сенімгерлік басқаруға жеке клиниканың құзырына беріпті. Ал тұрғындар бұл мекеменің жекенің қолында болуына түбегейлі қарсылық танытып отыр. Жаңа қожайындар емдеу құны өскенімен көрсетілетін қызмет сапасы жақсарады деп ақталды.

Ақылы қызмет құнының өскеніне тұрғындардың барлығы наразы. Олар бұған жаңа басшылық кінәлі деп отыр. Сенімгерлік басқаруға алған жаңа қожайын қара халықтың емес, қалтасының қамын ойлауға кіріскен көрінеді. 

Валентина Бессараб, Қарағанды қаласының тұрғыны: - «Гиппократ» клиникасына берілгелі бері бағалар 5 есе өсті. Мәселен, физиотерапияның 10 минуты 60 теңге болса, қазір 300 теңге. Мен 10 рет ем алу үшін 3000 теңге төлеуім керек пе сонда?  

Барлық ақылы қызмет түрінің бағалары осындай. Халық шу шығарған соң оларға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы келіп басу айтқан болды. Тұрғындар бірауыздан қарсылық танытқанымен қазіргі заман талабы солай екен. Қызмет сапасын жақсарту үшін емханаларды жекенің қолына 5 жылға басқаруға беру көзделген. Мынау алғашқысы.  5 жылдан соң кәсіпкер мекемені басыбайлы сатып ала алады. Шенеуніктің айтуынша, қызмет құнын сәл төмендетуге әрекет жасалған.

Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы: 

Клиника басшысы екі аптаның ішінде өздерінің қаржылық қызметімен бірлесе отырып, қызмет көрсетудің бағаларына талдау жасайды. Сол арқылы бағаны түсіруге әрекеттенеміз. Бірақ бұлар жеке компания болғандықтан, біз оларға бұйрық бере алмаймыз.   

-Жаңа басшылық емхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізбек. Оның үстіне жаңа заманға сай құрылғылармен жабдықтаймыз деп отыр. Баға өскенімен көрсетілетін қызметттің сапасы артады-мыс.  Олар сенімгерлік басқару үлгісі өз жемісін беретініне сенімді. Тек оған халықтың еті үйренсе болғаны.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.