{metadescription}
Семейде тасқын ортасынан көшірілген тұрғындар қонақ үйлерге сыймай жатыр
Семейде тасқын ортасынан көшірілген тұрғындар қонақ үйлерге сыймай жатыр

Семейде тасқын ортасынан көшірілген тұрғындар қонақ үйлерге сыймай жатыр

Семейде тасқыннан зардап шеккен кенттерде су деңгейі түсе бастады. Әйтседе, 141 баспана мен 600-ге жуық саяжай әлі күнге дейін топан судың ортасында тұр.  Ондағы жұрттың дүние-мүліктерінің барлығы жарамсыз болып қалған. Ал төрт бірдей ықшамауданнан көшірілген тұрғындар жергілікті билік белгілеген қонақ үйлерге сыймай жатыр.

Қазіргі уақытта Түйемойнақ аралынан көшірілген 96 адам баспаналарына толық оралған көрінеді. Сондықтан, тасқыннан зардап шеккен Бобровка, Затон және Мирный кентінен  құтқарылған 220-дан астам адам шаһардағы қонақ үйлерді паналауда.

Ал, тұрғындардың арасында баспаналарын күзетіп, далада түнегендері де жеткілікті екен. Олар құтқарушылардың көшіру жұмысын толық жүргізе алмағанын айтуда. Тіпті шет жақтағы кенттерді бірінен кейін бірін су алғандықтан жергілікті билік белгілеген қонақ үйлерге сыймай қалғандар да бар.

Марат Зәйкенов, Семей қаласының тұрғыны: 

- Қазір жататын жеріміз жоқ. Үйдің бәрі судың астында тұр. №42 мектепке барыңдар дейді, Затоннан ана жаққа қалай барамыз?

Енді тасқын шырғалаңға салған жұрттың шетінен денсаулығы сыр беріп жатыр. Сондықтан тұрғындармен жұмыс жүргізу үшін  уақытша қоныстандырған қонақ үйлерге психологтар мен дәрігерлер жұмылдырылған.

Шолпан Райысханова, №4 емхананың бөлім меңгерушісі: 

-Көбінесе қан қысымдары көтерілуде. Соны қалыпқа түсіріп отырмыз. Қажетті дәрілер жеткілікті. Осындай дәріханамыз бар. Содан дәрі береміз. Укол саламыз. Екі кісіні ауруханаға жатқыздық.

Иә, бүгін топан суда қалған жұртты құтқару үшін жергілікті билік Ертіс өзенінің төменгі ағысына төртінші мәрте мұзды жару жұмысын жүргізген болатын. Қазір соның нәтижесінде судың деңгейі төмендеді. Әйтсе де, шаһарда кеше жарияланған төтенше жағдай өз күшінде тұр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.