{metadescription}
​«Көкжалдар» фильмі ертеңнен бастап көрермендерге жол тартпақ
​«Көкжалдар» фильмі ертеңнен бастап көрермендерге жол тартпақ

​«Көкжалдар» фильмі ертеңнен бастап көрермендерге жол тартпақ

Аңыз бен ақиқат араласқан туындының авторы  Еркін Рақышев. Көк бөрі қазақ мифологиясында ерекше орын алатыны сөзсіз. «Көкжалдар» фильмінің мақсаты да осы. Қасқырдың текті мінезін негізге ала отырып, ұлтымыздың бойында жоғалып бара жатқан асыл қасиеттер мен адами құндылықтарды ұрпақтың есіне түсіріп, рухын көтеру.

Фильм алғашқы кадрынан-ақ кез-келген адамды баурап алары сөзсіз. Арланды атып алған аңшы бұл әрекеті үшін жауап беруіне тура келеді. Тірі қалған құртқасы оның үш айлық ұлын ұрлап әкетеді. Жыртқыш бейкүнә сәбиді бөлтіріктерімен қосып, өлтірмей асырайды.

Еркін Рақышев, фильм режиссері:

-Біздің бабаларымыздың болашақ ұрпағымыз осы қасқыр сияқты қайсар мінезді болса екен, қасқыр сияқты салтына, сертіне берік болса, ешкімге ешқашан бағынбай еркіндікте, бостандықта өмір сүрсе екен деген арман-қиялы болған ғой. Біз осыны негізге алып осы «Көкжалдар» деген киноны түсірдік.

Басты кейіпкерді сомдау актер Жандос Исаевқа оңайға соқпаған сыңайлы. Жыртқыштармен қосылып қорықта жорытып, ұлып, тіпті жабайы аңның от шашқан жанарын шеберлікпен салған.  

Жандос Исаев, актер:

-Кинодағы рөлім былайша айтқанда қасқырдың адам түрі ғой. Қасқырлармен жүгіреді. Олар не жесе де бірге жеу. Тіпті шикі ет болса да бірге жеуді көрсету.  Қазақтың рухына байланысты қайсарлық, ер-жігітке сондай-бір адамның характерін туғызады.

Өскелең ұрпақты тектілік пен қайсарлықты үйрететін туынды Ақсу-Жабағылы қорығында түсірілген. Дрессураға көнбейтін көкжалдарға камера алдында режсисердің талабын орындатқызу да қиынға түсіпті. Шытырман оқиғаға толы фильмді 5 сәуірден бастап еліміздің кинотеатрларынан көре аласыздар!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде