{metadescription}
Павлодар облысында бау-бақша өсірумен айналысатын жұрт шу шығарды
Павлодар облысында бау-бақша өсірумен айналысатын жұрт шу шығарды

Павлодар облысында бау-бақша өсірумен айналысатын жұрт шу шығарды

Черноярка елді мекеніндегі шаруалардың айтуынша, олар біразға дейін судың бір текше метрі үшін 9 теңге төлеп келген. Бірақ былтыр баға аяқ астынан 3 теңгеге өсіп, 12 теңге болыпты. Ал суару жүйесінің әбден тозғанын айтқан жауапты фирма өкілдері тіршілік нәрінің құнын биыл тағы 10 теңгеге көтеруді ұсынып отыр. Мұны естіп жағаларын ұстаған шаруалар бұлай жалғаса берсе, шығынға шаш етектен батамыз деп өре түрегелді.

Владимир Кашевой 30 жылдан бері көкөніс егумен айналысып келеді. Бірақ биылдан соң бұл істі доғарамын деп отыр. Бұған суармалы су құнының жылда шарықтауы себеп. Былтыр өскен баға биыл тағы қымбаттаса еңбегіміз зая кетеді дейді ол.

Владимир Кашевой, шаруа:

– Тарифтің өсуі алдымен отбасылық бюджетке әсер етеді. Сондай-ақ, биылғы картоп, сәбіз, қызылшаның өзіндік құнына да септігін тигізеді. Былтыр ғана су бағасын 75 пайызға өсірген еді. Тағы көтерсе, шығынға белшеден бататынымыз анық.

Шығынға белшеден бататындарын Черноярка елді мекеніндегі өзге шаруалар да мойындап отыр. Біраз жыл бойы дейін суармалы судың бір текше метрі үшін 9 теңге төлеп келген олар былтыр аяқ астынан өзгерген 12 теңгеге көндік дейді. Ал биыл тіршілік нәрінің құнын бірден 10 теңгеге өсіруді ұсынған фирма басшыларына шаруалардың өкпесі қара қазандай.

Виталий Фахрудинов, шаруа:

– Жын ұрғандай бағаны биыл тағы 85 пайызға көтеруді ұсынып отыр. Бұл масқара ғой. Әлде біздің судан басқа шығынымыз жоқ па? Жеке кәсіпті дамытыңдар деп ақыл айтады. Енді ақылға қонымсыз іс жасалып отыр.

Ал егіс аумақтарына Ертіс суын жеткізіп отырған фирма басшыларының өз айтары бар. Жарты ғасыр бұрын салынған суару жүйесінің бүгінде құбырлары әбден шіріп, тозығы жеткен. Ал Чернояркадағы су жүйесінің жалпы ұзындығы 57 шақырымды құрайды екен. Оны түгел ауыстыру үшін бюджеттен көк тиын да бөлінбепті.

Аман Симанбаев, «Адис» ЖШС директоры:

- Су жүйесі әбде тозған. Былтыр 37 миллион теңгеге 865 метр құбыр алдырттық. Ал 57 шақырым жүйені түгел жаңарту үшін қыруар ақша керек. Бұған қоса, электр энергиясы мен жанар-жағармайдың да бағасы шарықтап кетті. Оған жұмысшылардың жалақысын қосыңыз.

Бүгінде Черноярка елді мекенінде бау-бақша өмірумен шұғылданатын ірілі-ұсақты 120 шаруа қожалығы бар. Біраз жылдан бері олар тамшылатып суару тәсіліне көшкен екен.

-Шарулардың айтуынша, бағаның өсуіне дәл осы тамшылатыпп суару жүйесі себеп. Үнемді технологияның арқасында жұрт суды аз қолдана бастағанда, тіршілік нәрін жеткізуші станция басшылары бағаны шарықтатып жібермек. Бұл жұрттың қалтасын қаққалы тұр. Десе де, қоғамдық тыңдаудан соң, антимонополия комитетінің өкілдері  су құны биыл қымбаттамайды деп уәде беріп кетті. Бұған риза болған шаруалар мамырдан бастап егін егу жұмыстарына кіріспекші.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.