{metadescription}
Талдықорғанда бастығын атып өлтірген полковник марқұмның сөзін көтере алмаған болуы мүмкін
Талдықорғанда бастығын атып өлтірген полковник марқұмның сөзін көтере алмаған болуы мүмкін

Талдықорғанда бастығын атып өлтірген полковник марқұмның сөзін көтере алмаған болуы мүмкін

Тым талапшыл болғаны үшін ажал құшты! Өз кабинетінде оққа ұшып, тіл тартпай кеткен талдықорғандық полковникке қатысты Қорғаныс министрі осындай уәж айтты. Яғни, орынбасары марқұмның қатал бұйрықтарына төзбей, қылмыс жасауы мүмкін. Тіпті, Бердібек Берістемов пен күдікті бұрыннан дос болған екен.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Қос басшы әскери борыштарын бірге өтеген, қызметтес,тіпті, дос та болған. Бірақ, екеуінің арасында кикілжің туса керек. Оның үстіне қазір әскерге шақыру науқаны ғой. Бәрі қарбалас. Күдікті сол жұмыстарға жауапты болды. Сәйкесінше, оған күн сайын бұйрық түсіп отырған. Марқұм туралы жаман ештеңе айтқым келмейді. Десе де, ол басшы ретінде тым жоғары талап қойған болуы мүмкін.

Лауазымды әскерилер психологиялық сынақтан жиі өтіпті. Демек, ақыл-естері дұрыс болған. Марқұмның да, күдіктінің де бала-шағасы бар. Министр енді оларға қол-ұшын созамыз деп отыр. Әрі әскерилер арасында мұндай қанды қылмыстың алдын-алуға кірісіпті. Қайғылы жағдай 31-інші наурыз күні таңғы уақытта болған еді. Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы өз кабинетінде атылған. Көп ұзамай оны қасақана өлтірді деген күдікпен орынбасары Асқар Оспанов қамауға алынды. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде