Бір ай ішінде 3000-ға жуық қатысушы онлайн түрде тіркелген. Биылғы іріктеу кезеңі еліміздің түкпір-түкпірін қамту мақсатында үшін интернет арқылы жүргізілуде. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік ән байқауы осымен үшінші рет өткізілуде.
Ұлттық «Бала дауысы»  балалар ән байқауына үміткерлерді іріктеу апта соңында аяқталмақ

Дәстүрлі іс-шараға қатысу үшін, үміткерлер «Notka.kz» сайтына ән айтқан бейнежазбасын жүктей алады. Ал клип камераға немесе телефонға түсіріліп, 256 мегабайттан аспауы керек. Байқауға 8 бен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Орындаушы кез келген тілде қалаған жанрда 2 - 3 ән үзіндісін фонограммасыз орындап, уақытын 3 минуттан асырмауы тиіс. Ал, жеңімпаз әйгілі Диснейлендке жолдама алады және Қазақстандағы беделді музыкалық оқу орнында білім алу грантына ие болады. Айта кетейік, байқау Тұңғыш Президент қоры мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен өткізілмек. Ән байқауының барысын 27-қазаннан бастап әр сенбі сайын КТК арнасынан тамашалауға болады. Ал жеңімпаз 8-желтоқсанда Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін финалдық бәсекеде анықталмақ.

Кеше7

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.