{metadescription}
​Атыраулық келіншекке дереу көмек қажет
​Атыраулық келіншекке дереу көмек қажет

​Атыраулық келіншекке дереу көмек қажет

Құрманғазы ауданындағы Орлы ауылының 29 жастағы тұрғына Зухра Ахметоваға дәрігерлер «миеломдық ауру» немесе қан жүйесінің бұзылуы деген диагноз қойған. Ресейдің Астрахан қаласында 20 күн ем-дом алған келіншек ары қарай қаражаты жетпегендіктен, емі бітпесе де үйіне қайтып келіпті.

Өздігінен жүріп-тұра алмайтын Зухраның қазіргі салмағы небары 25 келі. Яғни анорексияға да шалдыққан. Қазір үйде жатып, емді жалғастырғанымен, ол нәтиже берер емес. Ал Астрахандағы медицина орталықтарының бірінде жатып, салмақ қосып, отаға дайындық жасау үшін күніне 50 000 теңге шамасында ақы төлеуі тиіс. Бұдан бөлек, мәскеулік дәрігерлер ота жасау үшін 12 миллион теңге қажеттігін айтқан. Бірақ оған мүмкіндік жоқ. Оның үстіне отбасын асырап отырған жұбайы да жұмыстан қысқартуға ұшырапты. Қиын жағдайда қалған жанұяның ендігі бар үміті – қайырымды жандарда.

Айта кетейік, 2015 жылы Зухра Ахметованың бетіне ісік шығыпты. Сол кезде үшінші баласына аяғы ауыр келіншек дәрігерлерге көрінгенде, олар жүктілікті тоқтату керектігін айтқан. Бірақ бұған келіспеген Зухра дені сау сәбиді дүниеге әкелгенімен, өзінің денсаулығы күрт нашарлап кетті. Тіпті босанғанан кейін аяғында да ісік пайда болған.

Зухра Ахметова:

-Мәскеудің  өзі 12 миллион керек деп отыр операцияға, соған қаражатымыз жеткіліксіз.  Астраханнан емделіп, қаражатымыз жетпегесін қайтып келдік. Енді бір айдан соң қайтып Мәскеуге барамыз, соған қаражатпен  көмектессеңіздер.

Байланыс телефоны: +7 778 120 10 89 – Зухра Ахметова

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде