{metadescription}
Танымал сот орындаушысы Әділет министрлігімен соттасып жүр
Танымал сот орындаушысы Әділет министрлігімен соттасып жүр

Танымал сот орындаушысы Әділет министрлігімен соттасып жүр

Кресло үшін күрес. Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Сергей Лимен соттасып жатыр. Сол арқылы оны орнынан кетіруді көздейді.

Сергей Ли 2014 жылдан бері Республикалық жеке сот орындаушылары палатасын басқарып келеді. Бірақ, Әділет министрлігі оның бұл орынға жайғасуын заңсыз деп есептейді. Өйткені, осыдан 20 жыл бұрын әскери қызметтен қуылған екен. Өз еркімен бөлімшені тастап кете бергені үшін шатылған. Ал 2014 жылы республикалық палатаның төрағалығына орналасарда ол деректі жасырып қалыпты. Бірақ, Сергей Ли оны мойындағысы келмейді. Айтуынша, өтініш толтырғанда бұрын сотты болған-болмағанын көрсету талап етілмепті. Заңдағы мұндай нормалар кейін ғана пайда болған. Ал іс материалдарын ақтарған Әділет министрлігі оның әрекетінде құйтұрқылық бар дейді.

Жанар  Бегалиева, ҚР Әділет министрлігінің өкілі:

-Үкім 1997 жылы шыққан. Ал 2004 жылы қадағалаушы сот алқасы оның күшін жойған. Бірақ, сот бізге қылмыстық іс 2001 жылы жойылып кеткен деген жауап беріп отыр. Демек, ол жойылып кетсе, сот қалайша оны қайта қарап, шешім шығарады?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде