{metadescription}
Атырауда жасыл-желекті отап тастаған әкімдіктің әрекеті үлкен дауға ұласты
Атырауда жасыл-желекті отап тастаған әкімдіктің әрекеті үлкен дауға ұласты

Атырауда жасыл-желекті отап тастаған әкімдіктің әрекеті үлкен дауға ұласты

Атыраулықтардың тынысы тарыла түсетін түрі бар! Қала маңындағы зауыттардан шығатын жағымсыз иіс аз болғандай, жергілікті әкімдік енді орталық көшелердегі жасыл желектерді түп-тамырымен жұлып жатыр. Ондағы мақсаттары – жол жиектерін кеңейту. Бірақ, жаздағы ми қайнатар ыстықта сая болар санаулы тал-теректің оталуына тұрғындар наразы.

Атырауға басшы болып келетін әкім-қаралардың ағаш атаулыдан алар өші бар секілді. Бірі миллиондаған қаражат бөліп, көшеттерді тіпті шетелден алдырып, шелектеп су құйып жүріп өсірсе, кейінгілері әжептәуір бой түзеп қалған оларды аяусыз отатып жатыр. Бірақ ағаш атаулының аздығынан жазда көлеңкеге, қыста ыққа жарымай жүрген тұрғындар бұған наразы.

Атырау қаласының тұрғыны:

-Ағашты шапқандары жабайылық қой. Өзіміз онсыз да жабылып өсіре алмай жүр емеспіз бе? Қайта көптеп отырғызу керек. Мен қарсымын мұндайға!

-Яғни қалада көлік санының көбеюіне байланысты көшелерді де кеңейту қажет екен. Ал оны жүзеге асыруға  Владимирский, Баймұқанов көшелері мен Тайманов даңғылының бойындағы талдар кедергі келтіріп тұрған көрінеді.

Ал әкімдіктегілер өз өтіріктеріне өзгелер де сенеді деп ойлайтын болса керек, мына ағаштарды басқа жерге апарып отырғызамыз деп сенімді отыр.

Қуанышбек Қабдығали, Атырау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:

 - 3-4 метрлік өсіп кеткен жасыл-желектерді кесіп алып тастайды, орнына 10 есе үйеңкі  отырғызылады. Ал, кішкентай жасыл-желектерді тамырын жарақаттап алмай, абайлап, оны басқа жерге ығыстырып отырғызамыз.

Өкінішке қарай, әкімдіктегілердің есіне кепілдік деген сөз кездейсоқ түскендей. Және оны шын мәнінде жүзеге асырғанша талдар да кесіліп бітетін секілді. Айтпақшы, олар ендігі кезекте тұрған өзге ағаштардың оталмайтынын және олардың әкімдік тарапынан бақыланатынын айтты. Ал, жалпы жолдың жан-жағын ашып, оны күрделі жөндеуден өткізу үшін 5 миллиард 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініпті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде