{metadescription}
Атырауда табиғи қорықтағы өрт қайта күш алды
Атырауда табиғи қорықтағы өрт қайта күш алды

Атырауда табиғи қорықтағы өрт қайта күш алды

Атыраудағы алапат өрт әлі бой берер емес. «Ақ Жайық» табиғи резерватының аумағындағы «Золотенок» деп аталатын учаскеде алдыңғы күні тұтанған қызыл жалын енді 15 гектарға жуық жерді күлге айналдырды.

Жанып жатқан құрғақ шөп пен қамысты сөндіруге жұмылдырылған мамандар саны да артқан. Қазір ол жерде 60-қа жуық адам жұмыс істеуде. «Қазавиақұтқаруға» қарасты тікұшақтың көмегімен учаскеге шолу жасаған құтқарушылар желдің күштілігінен өрт әр жерден шығып жатыр дейді. Ал оның о баста неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Одан өзге өрт ошағының сазды-балшықты жерде болуына байланысты арнайы техникадан өзге көліктің бара алмайтынғын да айта кетейік. Ал  желдің Атыраудан теңізге қарай соғуы себепті, қою түтіннің алыстан көрінгені болмаса, жалын Атырауға жеткен жоқ.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.