{metadescription}
Отандық сәнгерлер күнделікті өмірде не киюді ұсынады?

Ұлттық киім киген ұтады! Қазақстан сән апталығында жаңа киім үлгілерін ұсынған отандық дизайнерлер халықты жаппай бешпет пен шапан киюге шақырды. Қазақи салт-дәстүрді трендке айналдырғысы келген сәнгерлер күнделікті өмірде де тек қазақша көйлек киюді ұсынды.

Қыздарды тек қазақша киіммен көргісі келген сәнгер-Жұлдызай Жұматаева. Белгілі отандық дизайнер ұлттық киімдерді соншалықты қатты өзгертпеген. Ою-өрнегі жоқ демесеңіз, ұсынған көйлектері кілең ұлттық стильде. Кең, әрі ұзын етекті көйлектері кем түспей, керісінше әдетте кілең қысқа киімдер көрсетілетін подуимның көркін келтірді. Биыл шапан мен бешпет те тренде боп тұр. Отандық дизайнерлер оларды да ұтымды етіп елдің назарына ұсынды. Жалпы биыл ұзын, әрі кең киімдер сәнге айналған секілді. Өйткені, топтамаларда қысқа, денеге жабысқан киім атымен жоқ. Осылайша елді тұңғыш рет таң қалдырған сән апталығына киімдеріне «ұят» сөзін жазып аты шыққан танымал дизайнер Леонид Жеребцов та келген. Әріптестерінің жабық киініп жүру идеясы сәнгерге жағып қалыпты.   

Леонид Жеребцов, дизайнер 

Дизайнерлер халыққа дұрыс киінуді үйрету керек. Және әріптестерімнің бүгінгі бастамасы өте жақсы. Әрине, сән апталығы тек бүгінмен бітпейді. Сондықтан көпшілікке ұнайтын басқа да жаңа топтамалар шығады деп үміттенем.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде