{metadescription}
​Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген екі бойжеткенге үкім шықты
​Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген екі бойжеткенге үкім шықты

​Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген екі бойжеткенге үкім шықты

25 жастағы жігітті жалдамалы пәтерде пышақтап тастаған олар енді алдағы 16 жылын абақтыда өткізулері тиіс.

Тергеу материалдарына қарағанда, 20 жастағы бойжеткендердің шетел азаматын пышақтап өлтіруіне марқұм жігіттің жалдамалы пәтерге бірге ертіп келген қызды ренжітуі себеп болған. Онда жігітпен әңгімесі жараспай қалған бойжеткен үйден шығып кеткен екен. Бірақ көп ұзамай даяшы болып істейтін құрбысымен қайта оралыпты. Олар мұнда құр қол келмеген. Өздерімен бірге пышақ ала келген бойжеткендер ішке кіріп, ақыры германиялық азаматты 20 шақты жерінен пышақтапты. Ақырында бауыздаған. Кейін дым болмағандай оқиға орнынан іздерін суытқан. 

Ол әлгі қыздардың бірімен таныс болған. Өйткені марқұм жігіт бұған дейін Павлодардағы музыкалық колледжде білім алған көрінеді. Германия азаматы болғанымен, Керекуге қонаққа жиі келіп жүріпті.

Ал сот үкімін тыңдауға аталған елден жігіттің жақындары келді. Бірақ сұхбат беруге келіспеді. Естеріңізге салсақ, қанды оқиға былтыр қазан айында шаһардағы жалдамалы пәтерлердің бірінде орын алған болатын. Шетел азаматының қан жоса денесі ондағы балконнан табылған еді. Ал бұл қылмыстың ізін суытпай ашуға тұрғын үйдің кіреберісінде орнатылған бейнебақылау камерасының септігі тигенін айта кетейік. Яғни, жалдамалы пәтерге қайта оралған қыздардың бет-жүзі онда түсіп қалған. Бұған қоса, көп ұзамай құрықталған бойжеткендер тергеушілерге қылмысты қалай және қай жерде жасағандарын тәптіштеп айтып берген. Ал пәтерге жігітпен алғаш боп келген бойжеткеннің өзі шаһардағы медицина колледжінің екінші курс студенті екен.

-Осылайша «Топ болып адам өлтіру» бабы бойынша айыпталған 20 жастағы қос қыз 16 жылдан бас бостандықтарынан айырылды. Бұл жазаны олар жалпы тәртіптегі колонияда өтеулері тиіс.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде