{metadescription}
Ел тұрғындары қандай темір тұлпарларды жиі алады?
Ел тұрғындары қандай темір тұлпарларды жиі алады?

Ел тұрғындары қандай темір тұлпарларды жиі алады?

Қазақстанда жаңа көліктердің сатылымы 49 пайызға өскен. 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш көпшілік сарапшылардың өзін таңқалдырып отыр.

Ел тұрғындары қандай темір тұлпарларды жиі алады? Қанша ақшаларын жұмсаған?

Теңге құлдырап, жанармай қымбаттап жатқанмен, несиеге болса да көлік алуға құмар қазекем аянып қалмайтындарын тағы бір мәрте дәлелдегендей. Қазақстандағы Автокөлік саласы кәсіпорындарының одағы өз зерттеуін жүргізген. Тұрғындарымыз соңғы жылдары арзан деп ескі көлікке жүгірмей, қарызға батса да қымбатын мінгенді қалайды екен.

Мәселен, ит жылындағы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша он бір мыңнан астам жаңа авто сатылған. Бұл былтырғыдан бақандай 49 пайызға көп. Ал, оған отандастарымыз қалтасынан 265 млн доллар, яғни 87 млрд теңге жұмсаған. Бұл 2017 жылғы статистикадан 45 пайызға жоғары.

Отандық автоөндірістің импортта да айы оңынан туып тұр. Қаңтар мен наурыз аралығында өзімізде шығарылған 6 мың көліктің бағы жанып, шетелге «ұзатылған». Көрші елдің 5 мыңнан астам тұтынушысы мэйд ин кейзеттің өнімін таңдаған.

Қазақстандықтар тарапынан сұранысқа ие темір тұлпарлардың көшін Лада  бастап тұр. Соңғы үш айда Ресейдің осы бір брендін 2644 адам сатып алған. Екінші орында қазақтың қайыспас көлігі атанған Тайота. Аз уақыттың ішінде біздің нарықты жаулап үлгерген өзбектердің Равоны үштікке кірген.

Ал, жаңа көлік алуда қай өңірлер белсенді десеңіз, оның да қорытындысы дайын. Аламанның алдын Алматы бермей тұр. 2018 жылдың бірінші тоқсанында салоннан 3000-ға жуық авто сатып алған. Астана да одан қалыспаған. Елорданың екі мыңдай тұрғыны жаңа көлікті тізгіндеген.

Атырау, Шымкент, Қостанайдың халқы да көлік алу бәсекесінде алдына жан салмайтындардың тізімінде. Осыдан үш жыл бұрын девальвация болғанда темір тұлпарлардың құны күрт қымбаттады. Сарапшылар, автоөндіріс саласындағы сатылым тұралайды деген пайымдарын айтқан.Бірақ, қандай құлдыраудың болмасын қазақстандықтардың көлік алудағы тәбетіне әсері тимейтіндей.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде