{metadescription}
​Атырауда табиғи қорыққа от қасақана қойылуы мүмкін
​Атырауда табиғи қорыққа от қасақана қойылуы мүмкін

​Атырауда табиғи қорыққа от қасақана қойылуы мүмкін

Атырауда «Ақ Жайық» табиғи резерватындаға қамыстың өртенуіне не себеп болғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мамандардың айтуынша, қызыл жалыннан бүлінген аумақтың көлемі бұдан бұрын айтылған 15 гектардан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Өйткені ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда түтін 1000 гектардан астам жерге жайылған дейді жауаптылар. Ал құрылған комиссия бүгін-ертең іске кіріспеді. Сондай-ақ, олар оқиға орнына барып, ондағы аң-құсқа зиян келген-келмегенін де анықтамақ. Ал өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Оны да комиссия анықтауы тиіс. Әзірге бұл тұрғыда болжам ғана бар. Яғни мамандар резерват аумағына жақын елді мекеннің тұрғындары шөп жақсы шығуы үшін әдейі өртеуі де мүмкін деп отыр.

Арман Құрманбаев, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры:

-Менің ойым – қасақаны от қойған. Не себепті болғанда, оны  сізге айта алмаймын.  Қызметтік тексеру жүргіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде