Ресей астанасында білім алып жүрген Томирис Байсафа қазір жасанды тыныстандыру аппаратының көмегімен дем алып жатыр. Халықаралық қатынастар институтының студентінің  4-ші қабаттағы аудиторияның терезесінен құлауына нақты не себеп болғаны белгісіз.
​Мәскеуде университеттің төртінші қабатынан құлаған отандасымыз ауруханада ауыр хәлде  жатыр
​Мәскеуде университеттің төртінші қабатынан құлаған отандасымыз ауруханада ауыр хәлде  жатыр

​Мәскеуде университеттің төртінші қабатынан құлаған отандасымыз ауруханада ауыр хәлде жатыр

Ресей астанасында білім алып жүрген Томирис Байсафа қазір жасанды тыныстандыру аппаратының көмегімен дем алып жатыр.

Халықаралық қатынастар институтының студентінің  4-ші қабаттағы аудиторияның терезесінен құлауына нақты не себеп болғаны белгісіз.

Сау сүйегі қалмаған 21 жастағы Томиристің жанында Алматыдан дереу жеткен анасы бар. Айтуынша, қызының бір бүйрегін алып тастауға тура келген. Ал, Томирис оқыған институттың басшылығы отандасымыздың құлауын оқыс жағдай деп деп отыр. Десе де кейбір мәліметтерге қарағанда Томиристі Магомед Котиев деген дағыстандық студент итеріп жіберген болуы мүмкін. Екеуі жақын қатынаста болғанға ұқсайды. Бірақ, жігіттің өзі мұны жоққа шығарып отыр.

МАГОМЕД КОТИЕВ:

-Қызды мен итеріп жіберген деген сөз тарап жатыр. Бірақ, олай емес. Оны бір-екі рет көргенім болмаса, мүлдем  танымаймын. Есімін де білмеймін. Тіпті, құлаған кезде басқа жерде болғам.

Кеше0

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...