{metadescription}
​Астанада ірі сауда үйі жабылып тынуы мүмкін
​Астанада ірі сауда үйі жабылып тынуы мүмкін

​Астанада ірі сауда үйі жабылып тынуы мүмкін

Танымал ойын-сауық орталығы  өрт қауіпсіздігі ережесін құлағына да қыстырмаса керек. Ал ел аумағындағы бүкіл нысандарды тексеру барысында 6 мыңнан аса кемшілік табылған. Бұл екі айлық тексеру науқанының басы ғана. Ал сотқа жеткен қандай іс?

Ішкі істер министрлігі өрт қауіпсіздігі бойынша ірі сауда нысандарында жүргізіліп жатқан тексеру науқанының деректерін тағы бір жария етті. Сәуірдің екісі мен 13-і аралығында ел аумағында 460 тексеру аяқталып, 6081 ережебұзушылық анықталыпты.

Соның ішінде бір айтқанға құлақ аспаған сауда орны бас ордадан шықты. Астананың қақ ортасында тұрған KeruenCity сауда үйі өрт қауіпсіздігін сақтамай, екінші қайтара көзге түскені үшін мамандар істі сотқа жолдаған. Енді сот ең кемі екі жарым миллион теңге айыппұл салуы мүмкін. Немесе жауып тынады.

Юрий Ильин, ҚР ІІМ-нің орынбасары:  

-Қазіргі уақытта қайтара тексеру жүргізіп, кінәрат табылған KeruenCity сауда, ойын-сауық орталығының ісін әкімшілік сотқа жібердік. Енді әкімшілік айыппұл сала ма, әлде жауып тастай ма, оны сот шешеді.

Сауда орталығынан былтыр 16 бірдей олқылық шығып, соны түзеу жөнінде ескерту алған екен. Бірақ, ақшаға семген бизнесмендер бұл талапты уақытылы орындауға асықпаған. Енді келіп басына бұлт үйрілгенде айыппұлды төлейміз, біз бәрін жөндедік деп «түстен кейін» ...айтып жатыр.

Қанат Ыдырысов, «KeruenCity» сауда орталығының өрт қауіпсіздігі инженері:

-Барлығы дерлік дұрысталды. Қайтара тексеру барысында тек екі ескертпе ғана орындалмай қалған болатын. Дайын өнімдер қоятын алаңқайымыз бос болмай және шығу жолдарында кедергілер болған. Қазір олар да түзетілді. Сондықтан, бізде ешқандай кемшілік жоқ.

Жалпы, статистика бойынша, ірі сауда үйлері Қарағанды облысында көп екен – 171 нысан.Төтенше жағдай өкілдері де қауіп осы облыста көп дейді. Ал Астананың әкімі Әсет Исекешев бүгін тосыннан бастама көтерді. Тексерудің көбеюі коррупцияға әкеледі деген бизнесмендердің уәжіне қарамастан, шағын бизнес нысандарына да бақылауды күшейту керек дейді. Ішкі істер министрлігінің бұйрығы бойынша, жалпы ауданы мың жарым шаршы метрден асатын нысандар тексеруге жатады. Ал көлемі одан кіші, бірақ жұрт көп шоғырланатын жерлерді ешкім тексере алмайды. Әсет Исекешев осыған ашынады.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

-Шағын кафелер, компьютерлік клубтар мен түнгі клубтарды біз тексере алмаймыз. Оларды тексерсек, өзімізді жауапқа тартуы мүмкін. Сондықтан біз кәсіпкерлердің назарын аудартқымыз келеді. Өйткені, өрт қауіпсіздігін бәрі бірдей жіті сақтап отырған жоқ.

Әкім ол үшін екі нұсқа ұсынады. Бірі – мемлекеттік бақылауды қолға алу. Екіншісі өз-өзін реттеу механизмі. Яғни, шағын кәсіпкерлер ғимараттың өрт қауіпсіздігін өзі реттеп отыруы керек. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде