Алматыда өрттен зардап шеккен көпқабатты үйдің тұрғындары тағы да шу көтерді! Бұл жолы шатырсыз баспананың төбесінен сорғалаған су жұртты қатты әбігерге салған. Тіпті, толассыз жауынның кесірінен өрттен аман қалған пәтерлер де бүлініп, тұрғын үйдің кіреберісіне дейін су жайылған.
Алматыда үйлері алапат өртке оранған тұрғындар шенеуніктерді сөзінде тұрмады деп айыптады
Алматыда үйлері алапат өртке оранған тұрғындар шенеуніктерді сөзінде тұрмады деп айыптады

Алматыда үйлері алапат өртке оранған тұрғындар шенеуніктерді сөзінде тұрмады деп айыптады

Алматыда өрттен зардап шеккен көпқабатты үйдің тұрғындары тағы да шу көтерді! Бұл жолы шатырсыз баспананың төбесінен сорғалаған су жұртты қатты әбігерге салған. Тіпті, толассыз жауынның кесірінен өрттен аман қалған пәтерлер де бүлініп, тұрғын үйдің кіреберісіне дейін су жайылған. 10 күн бұрын «Көкжиек» ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің мансарды өртеніп, бірнеше отбасы баспанасыз қалған болатын. Ал, әкімдіктегілер өртенген қабатты қалпына келтірмек түгілі, әлі күнге дейін шатырын жөндемепті. 

Кіре берісі жаңбыр суына көлкіп тұрған көпқабатты үйдің тұрғындары, барар жер, басар тауы жоқтығын айтады. Кейбірі үй киіммен сыртта сенделіп жүр. Себебі, шатырсыз төбеден сорғалаған су, таңнан бері бірнеше пәтерге жайылып үлгерген.

Нұртуған Ахметов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Біз халық міне, босып жүрміз далада. Әкімдік пәтер жалға алып берді ғой. Бірақ өзіңнің үйі бетпей жатқанына жаның ашиды.

Динар Камилова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Пәтерлердің барлығын су басып кетті. Мынау енді білмейміз, жөндеуге келе ме, жоқ па?Алдында бізге айтты, жөндеу жұмыстары басталды, барлығы жабылады деп. Тым құрығанда мына шатырды жауып берсе, өртенбесе де аман қалған үйлерді су басу қаупінен аман алып қалушы еді.

«Көкжиек» ықшамауданындағы бұл көп қабатты үй осыдан 10 күн бұрын отқа оранған еді. Мансард үлгісіндегі 6-шы қабат түгелдей өртеніп, тұрғындар ұлардай шулап қалғаны бар. Ал, тілсіз жаудан аман қалған пәтердің иелері болса, енді  төбеден тамшылаған жаңбыр суымен алысып әлек. Ең қиыны, тұрғын үйдегі пәтерлердің барлығы мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекаға берілген екен. Ал, айлығы мен шайлығынан жырып төлейтін баспанасы бүлінгендер, 10 күн ішінде нақты шешім қабылдамаған әкімдікке өкпелі.

-Тұрғындардың айтуынша, әкімдік өкілдері 10 күннің ішінде ең болмағанда шатырды жауып береміз деп уәде беріпті. Бірақ, жабылған шатырды немесе қызу іске кіріскен құрылысшының бірін көрмедік. Амалы таусылған тұрғындар қазір өз бетінше әрекет етуге көшкен.  Тіпті, жергілікті атқамінерлерден гөрі, қарапайым жұрт көмек қолын созып жатыр дейді олар.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...