Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев көлігімен адам қағып өлтірді. Тексеру кезінде шенеуніктің мас болғаны анықталды. Ал ол қаққан 19 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапқан. Бұл оқиға жексенбі күні кешқұрым болған.
ШҚО-да жас жігітті  қағып өлтірген әкім орынбасары рөлге мас күйінде отырған
ШҚО-да жас жігітті  қағып өлтірген әкім орынбасары рөлге мас күйінде отырған

ШҚО-да жас жігітті қағып өлтірген әкім орынбасары рөлге мас күйінде отырған

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев көлігімен адам қағып өлтірді. Тексеру кезінде шенеуніктің мас болғаны анықталды. Ал ол қаққан 19 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапқан.

Бұл оқиға жексенбі күні кешқұрым болған. Араққа сылқия тойып алған шенеунік «BMW Х5» көлігімен жол шетінде кетіп бара жатқан жүргіншіні қаға жөнеледі. Жедел жәрдем жеткенше жігіт тілге келместен көз жұмды. Ал Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев абақтыда. Енді ол адам қағып өлтіргені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл істі облыстық ішкі істер департаменті бастығының өзі бақылауға алған.

Азамат Раисов, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің аға маманы:

-«BMW Х5» көлігінің 45 жастағы азамат басқарғаны анықталды. Ол мас күйінде болған және Риддер қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейтіні анықталды. 45 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Кеше2

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.