Мәскеуде университеттің төртінші қабатынан құлаған отандасымыз  хәл үстінде жатыр.  Ресей астанасында білім алып жүрген Томирис Байсафа қазір жасанды тыныстандыру аппаратының көмегімен өмір үшін күресуде. Сау сүйегі қалмаған 21 жастағы қыздың жанында қазір Алматыдан дереу жеткен анасы бар.
Мәскеуде биіктен құлаған қазақ қызына қастандық жасалған ба? Күдікті не дейді?

ЖАННА АХМЕТОВА, ТОМИРИС БАЙСАФАНЫҢ АНАСЫ:

- Қызымның қабырғасы сынып, өкпесіне қатты зақым келген. Өздігінен тыныстай алмайды. Әрі бір бүйрегін алып тастауға тура келіпті. Әзірге  жағдайы оң алар емес. Бір қалыпты. Дәрігерлер де жөнді ештеңе айтпай отыр.

Халықаралық қатынастар институты студентінің  4-ші қабаттағы терезеден құлауына нақты не себеп болғаны белгісіз. Қазір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Мәскеудегі дипломаттарымыз мән-жайды бақылауда ұстап отыр. Ал, Томирис оқыған институттың басшылығы отандасымыздың құлауын оқыс жағдай деп деп отыр. Десе де кейбір мәліметтерге қарағанда Томиристі Магомед Котиев деген студент итеріп жіберген болуы мүмкін. Екеуі жақын қатынаста болғанға ұқсайды. Бірақ, жігіттің өзі мұны жоққа шығарып отыр.

МАГОМЕД КОТИЕВ:

-Қызды мен итеріп жіберген деген сөз тарап жатыр. Бірақ, олай емес. Оны бір-екі рет көргенім болмаса, мүлдем  танымаймын. Есімін де білмеймін. Тіпті, құлаған кезде басқа жерде болғам.

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
Загрузка...

Серіктестер жаңалықтары