{metadescription}
Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті
Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Елімізде қытайлық келімсектер қаптаған! Тек соңғы 3 жылда жүздеген мың түрік пен қытай елімізде еңбек мигранты ретінде тіркеліпті. Шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін бәріне дайын. Тіпті, заңсыз оралман мәртебесін алмақ болғандар да анықталған. Ең қауіптісі – олардың көбі іздеуде жүрген қылмыскерлер екен. Сондықтан, мәжілісмендер Ішкі істер министрінен шұғыл миграция қызметін қатаңдатып, сырттан келгендерді жіті тексеруді талап етті.

Қаптаған қытай елімізге екі жолмен ағылады. Көрші елдің келімсектері Қазақстанда еңбек мигранты ретінде ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Трансұлттық қылмыстық топтар арқылы көшіп жатқандар да көп. Олардың шекарадан заңсыз өтуіне отандық 85 компания көмектескен.  

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Соңғы үш жылда ресми статистика бойынша, біздің елімізге 5 миллион 600 мыңнан астам шетелдік азаматтар келді. Оның 90 пайыздан астамы ТМД азаматтары. Негізінен, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстаннан келген. Сондай-ақ, алыс шетелдерден келген мигранттардың қатары көбеюде. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға дейін жетті. Олардың көбі Қытай және Түркия азаматтары.

Соңғы кезде қытайлармен жарыса Ауғанстан азаматтары да елімізге құмартып жүр. Соғыс болып жатқан мемлекеттерден қашқан босқындарға  біздің территорияны Еуропаға жететін өткел ретінде пайдалану өте тиімді. Ал ондай адамдардың арасында аса қауіпті лаңкес, қылмыскерлер бар дейді депутаттар.

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Ауғанстанның 49 азаматы оралман-қазақ мәртебесін алмақ болған. Бірақ, олар ешқандай да оралман емес. Көбі іздеуде жүр. Бангладеш пен Ауғанстанның азаматтары біздің территорияны Еуропаға жететін жол ретінде пайдаланбақ.

Ебін тауып шекарадан еркін өтіп жатқан қытайларға қарағанда, өз отанына оралған қандастарымыздың жағдайы аянышты. Ата жұртым деп келген қаншама адам көштен қалып қойған ата-ана, бауырларын алдыра алмай отыр. Келген соң да құжаттарына  қолы жетпей жүргендер жетеді.  

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

-Қытай билігінің бүгінгі саясаты қазаққа аса қолайлы болып отырған жоқ. Ол жерде әрі-сәрі күйге түсіп қалып жатқан, тағдырдың талқысына түсіп қалып жатқан қандастарымыз қаншама. Хельсинки, Вена, Женева конвенциясы бар. Онда бөлініп-жарылған отбасыларды қайта қосуға негіз болатын халықаралық құжаттар жоқ емес. Соған сүйене отырып, бір қайран жасауға болмай ма? Мынау қандастарымыз босып кетті ғой, шын мәнінде қиналып жатыр.

Депутат сауалына министр жауапты қысқа қайырды. Берілген бір жылда азаматтыққа арыз жазып үлгермеген қандастарымыздың өздері кінәлі. Мәжілісте бір басында екі елдің азаматтығы бар адамдар жайлы да сөз болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр осындай 600 адам жауапқа тартылған. Сондықтан, миграция қызметі шетелдік дипломаттармен тығыз байланыс орнатып, талапты күшейту қажет. Ол үшін мәжілісмендер заңға өзгеріс енгізуге де дайын.  

-Ал шекарадан заңсыз өткен мигранттардың Қазақстанда емін-еркін тайраңдауына ең алдымен полицейлер кінәлі екен. Сақшылар ақша көрсе,  азаматтықты да саудаға салуға дайын. Сөзімізге журда ғана парамен ұсталған Шымкенттегі миграция қызметінің бастығы дәлел. Ол Ауғанстан тұрғындарына азаматтық алып бермек болған. Ал ел аумағына  заңсыз кірген шетелдіктер қарап жүрмейді. 3 жылда 3 жарым мың мигрантқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Көбі ұрлық жасап, есіртік сатқан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.