{metadescription}
Арменияда Серж Саргсянға қарсы ереуіл қарқын ала бастады
Арменияда Серж Саргсянға қарсы ереуіл қарқын ала бастады

Арменияда Серж Саргсянға қарсы ереуіл қарқын ала бастады

Арменияда экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр болып сайлануына қатысты басталған қарсылық әлі жалғасып атыр. Шерушілер бүгін де көшеге шығып, Ереван орталығындағы Франция алаңына тосқауыл қойып жатыр.

Тіпті, көше бойында палаткалар құрылып, тамақ пен сусын таратылуда. Ал, шерушілер қаладағы маңызды бес көшенің қиылысын жауып үлгерген. Бірақ, Армения полициясы «Елк» оппазициялық фракциясының жетекшісі Никол Пашинян ұйымдастырған толқуды тоқтатуды талап етіп отыр. Ал, ел астанасындағы кешегі қарсылық барысында 46 адам жарақат алған екен. Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Естеріңізге салсақ, бүгін Армения парламентінде жаңа премьер-министр сайланады. Жаңа заң тұрғысында үкімет басшысына президенттің құзыреті берілмек. Алайда, шеруге шыққан оппозияция өкілдері  экс-президент Серж Саргсянға табанды қарсылық көрсетуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.