{metadescription}
Шымкентте тұрғындарға індет таратқандар анықталды
Шымкентте тұрғындарға індет таратқандар анықталды

Шымкентте тұрғындарға індет таратқандар анықталды

Шымкентте екі жүзге тарта тұрғынға балмұздақ сатып, індет таратқан осы тағамды дайындаушылардың өздері болып шықты. Сонымен қатар, оны тасымалдап сатушылардан да стафилококк пен сальмонелла табылған.

Алдарқұл Ахметов, ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

-2 отбасы мүшелері жаңағы балмұздақ қоспасын дайындау барысында жәрдем берген. Сол екеуінен стафилококк ауруы анықталды. 2 киоск қызметкерінен сальмонелла анықталды. Және бір қызметкерден киосктағы стафилаккок ауруы анықталды.

Бір апта ішінде балмұздақ жеп, іштері өткен 188 науқастың барлығы қазір ауруханадан шығарылған. Олардың 31-нен салмонелла табылса, тағы 13-і стафилококк індетін жұқтырған екен. Еске салсақ, шымкенттіктер наурыздың соңында қаланың орталығындағы бұрыннан жұртқа дәмді балмұздағымен мәлім «Южное» дәмханасынан тәтті  жеп, жаппай ауруханаға түсе бастаған болатын. Осыдан кейін ғана сауда нүктесін тексерген санэпидемиологтар бүкіл тамақ дайындау және әзірлеу ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтаған еді. Енді өздері ауру бола тұра, жұртқа жаппай қауіпті асты сатқандардың кәсібі біржола тоқтатылды. Қазір олардың ісін сот қарап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.