{metadescription}
Отарда бұрын соңды болмаған әскери шеру өтпек
Отарда бұрын соңды болмаған әскери шеру өтпек

Отарда бұрын соңды болмаған әскери шеру өтпек

Үш мыңға тарта әскер, үш жүзден аса қару-жарақ пен әскери техника Мәтібұлаққа жиналып жатыр. 7-мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылған күніне орай биыл жауынгерлік парад өтеді.

Мәтібұлақ, яғни, «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында өтетін жауынгерлік парадта сарбаздар сап түзеп қана қоймай, атыс шеберліктерін көрсетеді. Яғни, осында жиылған небір соғыс құралдары: автоматтар, танкілер мен зымырандардың қалай атылатынын жұрт өз көзімен көреді. Парадқа қатысатын жауынгерлердің барлығы психологиялық және саптық даярлық бойынша іріктелген ең үздіктер. Биылғы шараға әскерилер мен қару-жарақ және әскери техникадан бөлек, отызға жуық ұшу аппараты қатысады. Айта кетейік, жауынгерлік парад елімізде алғаш 2013 жылдың 7-ші мамырында осы «Отар» 40-шы әскери базасында өткен еді. Онда 7 мың әскер мен 400 әскери техника және 80 ұшақ пен тікұшақ қатысқан болатын.

 Қанат Қазизов, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің жауынгерлік дайындығын ұйымдастыру басқармасының бастығы:

-Қазіргі уақытта құрлық әскері бөлімдерінің оқу-жаттығу атуларына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Т-72 танкілері, жаяу әскерлердің соғыс көлігі, «Арлан» жауынгерлік көлігі және десанттық шабуылдау жасақтарының зенитті бөлімдері бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.