{metadescription}
Шымкентте ақша үшін жолаушы әйелді асқан қатігездікпен өлтірген таксиші сотта жауап беріп жатыр
Шымкентте ақша үшін жолаушы әйелді асқан қатігездікпен өлтірген таксиші сотта жауап беріп жатыр

Шымкентте ақша үшін жолаушы әйелді асқан қатігездікпен өлтірген таксиші сотта жауап беріп жатыр

Шымкентте жалғызбасты жас анаға ажал құштырды деп айыпталған такси жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды. 26 жастағы азамат Әйгерім Тасболатованы Түркістандағы ауыл сыртына алдап апарып, асқан айуандықпен өлтірген болатын. Сөйтіп, келіншектің алдында ғана банкоматтан алған ақшасын қымқырған. 

Айыпталушы залға жиналған марқұмның туыстарынан ыққан болуы керек, сот барысында басын бір көтерген жоқ. 4 ай бойы тергелген ол бірінші сот отырысында-ақ бар кінәсін толық мойындап, кешірім де сұрады.

Алайда марқұм Әйгерім Тасболатованың жақындары оны кешірген жоқ. Тіпті, заң алдында барынша қатаң жазаға тартылуын талап етті. Әйгерімнің анасы сотталушы өлтірмес бұрын қызын зорлады деген де күдігі бар. Бірақ бұл тергеу барысында дәлелденбепті. Айта кету керек, айыпталушының өзінің де екі баласы бар екен.

Дариға Айдарова, марқұмның анасы:

-Сотталушы екі сөйлеп тұр. Ол сөзінен тайып, бізге айтқаны басқаша, сотта айтқаны басқаша боп тұр. Менің қызымның ар-намысына тиіп зорлағанын обшым кешірмеймін. 

Қанды оқиға осы жылдың басында болған еді. 26 жастағы азаматты қылмысқа жабылмай қалған несиесі итермелепті. Прокурорлардың айтуынша банктегі 40 мың теңге қарызын жаба алмай жүрген такси жүргізушісі банкоматтан ақша алып тұрған келіншекті көреді. Әке-шешесінің ақшасын алған Әйгерімді үйіңе апарам деген желеумен көлігіне отырғызып, 30 шақырым жердегі Достық ауылының маңына апарады. Машинасын қалың қамыс арасына кіргізген соң келіншекті қылқындырып өлтірген.

-  Өзінің автокөлігінің алдыңғы жолаушы орындығына отырған азаматша Тасболатованың мойнынан өзінің оң жақ қолын кенеттен өткізіп, сол қолымен тартып қылқындырып, шабуыл жасап, жәбірленуші Тасболатованың қолындағы қол сөмкесіндегі 205 мың теңге ақшасын және құны 80 мың теңге Самсунг Галакси 5 маркалы ұялы телефонын тартып алған.

Такси жүргізушісі марқұмның телефоны арқылы ұсталған. Яғни ол Әйгерімді өлтіріп иемденген ақшасын місе тұтпай, ұялы телефонды сатып жіберіпті. Ал оны алған адам такси жүргізушісін фотоға түсіріп алған. Осыдан кейін ұсталған ол тек екі аптадан кейін ғана тергеушілерге қамыс арасындағы келіншектің мүрдесін көрсетіпті.

Иә, 24 жасында ажал құшқан марқұмның артында 5 жасар ұлы мен 3 жасар қызы қалды. Олар нағашыларымен бірге тұрып жатыр. Әйгерімнің анасы айыпталушының туыстары түркістандық медиаторлар арқылы 2 миллион теңге бергенін айтады. Бірақ оны кешіруге емес, сол жетімдердің қажеттілігі үшін алыпты. Дегенмен, әлгі медиаторлар сотқа жәбірленуші тарап ақша алған соң кешірім берді деген уәж айтқан. Енді бақилық болған келіншектің туыстары жалған ақпарат жеткізген олардың да да жауапқа тартылуын талап етпек. Ал сот отырысы бірнеше күннен кейін қайта жалғасады. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.