{metadescription}
​Депутаттар  ақбас тұқымды  сиырлардың санына қатты алаңдап отыр
​Депутаттар  ақбас тұқымды  сиырлардың санына қатты алаңдап отыр

​Депутаттар ақбас тұқымды сиырлардың санына қатты алаңдап отыр

Өйткені, елімізде етті ірі қара құрып кетудің шақ алдында тұр екен

Бүгін мәжілісмендер мен мал шаруашылығы мамандары бірігіп, қазақтың ақбас тұқымды сиырының санын қайта көбейтудің жолын іздеді.  Бұрын   1 жарым миллионға жуық ірі қара болған. Қазір небары 270 мың бас қалыпты. Егер ақбас тұқымды сиыр өсіруді қолға алсақ, жылына 60 мың тонна ет экспорттауға мүмкіндік туады екен. Себебі, қазақтың  ірі қарасы  ет беру жағынан шетелдік асыл тұқымды сиырлардан еш қалыспайды.  Және олар жайылым таңдамайды. Шөлге де, қатты қысқа да шыдамды. Сондықтан,  депутаттар сырттан миллиондарға сиыр сатып алғанша, өзіміздің ақбас тұқымның санын көбейтуді ұсынды. Яғни, мемлекеттік қолдау қажет.  Кезінде бұл ірі қараның түйіршік күйде сақталған сапалы ұрықтары  болған екен. Содан да  айрылып қалдық дейді мамандар. 

Мақсұт Балқыбаев, Қазақтың ақбас  тұқымы республикалық палатысының мүшесі:

-Бір кезде біреудің ойына осыларды жою керек деп, ал  олар жаңағы мықты-мықты деген желілердің бұқалары. Кезінде қазақтың ақбас тұқыным шығаруға қатысқан. Соны төгуге мәжбүр болдық. Енді келіп ұрық жоқ, бар болса да бұқаның сапасы нашар, көрсеткіштері жоқ, бұның ар жағында не тұрғанын білмейміз деген бағыттағы әңгімелер айтылып жатыр.

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде