{metadescription}
​Ақмола облысында жас жігіт 5-ші қабаттан құлап кетті
​Ақмола облысында жас жігіт 5-ші қабаттан құлап кетті

​Ақмола облысында жас жігіт 5-ші қабаттан құлап кетті

Щучье қаласында болған оқиғаны көрген тұрғындар полицияға хабар берген.

Құтқарушыларды, жедел жәрдемді де  шақырған оқиға куәгерлері екен. Ал биіктен құлаған 20 жастағы Александр есімді жігіт Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылының тұрғыны болып шықты. Оның бұл үйге кімге, не үшін келгенін қазір тәртіп сақшылары тексеріп жатыр. Полиция барғанда, пәтерде ешкім болмаған. Сондықтан Алексндрды біреу итеріп жіберді ме, әлде өзі секіріп кетті ме, ол жағы әзірге белгісіз. Түрлі жарақат алған  жігіт қазір Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.