{metadescription}
7 жылға сотталған Бауыржан Мусин пара алмағанын растайтын айғақтың қараусыз қалғанына өкініп отыр
7 жылға сотталған Бауыржан Мусин пара алмағанын растайтын айғақтың қараусыз қалғанына өкініп отыр

7 жылға сотталған Бауыржан Мусин пара алмағанын растайтын айғақтың қараусыз қалғанына өкініп отыр

Бауыржан Мусин апелляциялық шағым түсірмек. Өзін кінәсіз деп есептейтін экс-шенеунік үкіммен мүлде келіспейді. Ал оның туған бауыры Ербол Мусин сотта қоғамдық қорғаушы ретінде қатысып жатыр.

Бауырының айтуынша, Мусиннің кінәсіз екенін көрсететін нақты дәлелдері бар. Апелляциялық сотта соны алға тартпақ. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының өкілдері Бауыржан Мусинді былтыр наурыз айында 400 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұстаған еді. Ол мемлекеттік сатып алуға қатыстырам деген уәдесі үшін жеке кәсіпкерден алған сыйақысы екен. Артынша 2016 жылдың желтоқсан айында тағы бір компания басшысынан бір миллион теңге пара алғаны анықталды. Айта кетейік, Бауыржан Мусин басшылық қызмет атқарған комитет Дін істері министрлігіне қарайды.

Ербол Мусин, сотталған Б. Мусиннің қорғаушысы:

-Бізде Бауыржанның пара алмағанын дәлелдейтін бейнежазба бар. Онда Бауыржанның көлігіне біреулердің жасырын ақшаны салып жібергені көрінеді. Ал бауырымның ол ақшаны алмақ түгілі, саусақ іздері де жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.