{metadescription}
Атырау облысында бюджеттің миллиардттарына жөнделген емхана құлағалы тұр
Атырау облысында бюджеттің миллиардттарына жөнделген емхана құлағалы тұр

Атырау облысында бюджеттің миллиардттарына жөнделген емхана құлағалы тұр

Атырау облысында мемлекеттің 2 миллиардқа жуық теңгесіне салынған аудандық емхана ғимаратына күрделі жөндеу қажет. 2011 жылы пайдалануға берілген нысанның қабырғалары қақырап, төбелері де ажырай бастаған. Бірақ емхананың бүлінген бөлігі жауып тасталғанымен, мұндағы жұмыс әзірге әдеттегідей жүріп жатыр.

Осыдан 8 жыл бұрын 250 пациентке арналып салынған аудандық емхана ғимараты бір ай бұрын сыр бере бастапты. Ал күні кеше тұрғындарды қабылдау кезінде бұрын көзге байқалмайтын жарықтар үлкейіп, еденнің кей жері төмен түскен.

-Қабырғалары жарылып, төбесі де шытынай бастаған соң басшылық емхананың бұл бөлігін сырт көзден таса қылу үшін мынадай сөрелермен жауып, бөліп қойыпты. Қазір нысанның бұл бөлігіндегі дүние-мүлік, жиһаз көршілес орналасқан аудандық аурухана ғимаратына көшіріліп жатыр.

Дегенмен, емхананың бір корпусындағы жарыққа бола мұндағы жұмыс түгел тоқтап қалған жоқ. Қызметкерлердің көбі әдеттегідей келушілерді қабылдап жатыр. Ал өзгелері өздеріне тиесілі қағаз-құжаттары мен құрал-жабдықтарын жинақтап, көшуге қам жасауда.

Марат Шуақбаев, Махамбет аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Қауіпті жағдай төніп тұрғандықтан облыстық, аудандық әкімдіктен, құрылыс басқармасынан, төтенше бөлімдерден керекті мамандар келіп, сондай сараптама берді аурухананың бірінші қабатын пайдаланудан қауіпсіздікті сақтау үшін бас тарту туралы.

Бірақ дәрігерлердің бұл сөзін жергілікті әкімдік жоққа шығарып отыр. Оларға сенсек, болар-болмас жарыққа бола «емхана қауіпті» деп байбалам салуға болмайды. Оның үстіне мұнда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу де біраздан бері жоспарда тұр екен.

Ұлықбек Тінәлиев, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары:

-Қазіргі кезде жөндеу жұмыстарының қанша қаражатты қажет ететінін білу үшін байқау жарияладық. Бастысы, ғимараттың негізгі қабырғалары бүтін ғой. Жарық тек ішкі қабырғада болған. Сондықтан айтарлықтай қауіп жоқ. 

Айта кетейік, кезінде емхананың құрылысына республикалық бюджеттен 1 миллиард 700 миллион теңге бөлінген екен. Ал мол қаржыны игерген сол кездегі облыстық құрылыс басқармасының  басшылары қазір істі болып, абақтыда отыр. Және кепілдік мерзімінің бітіп, арада біршама уақыттың өтіп кетуіне байланысты мердігер мекемеге талап қою да қисынсыз секілді. Сондықтан, бюджеттің қыруар қаржысына салынған нысан сол мемлекеттің миллиондарына қайта жөнделмек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде