{metadescription}
Қызыл түске өткен: Алматыда жас қызды басып өлтірген жүргізуші қамауға алынды
Қызыл түске өткен: Алматыда жас қызды басып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

Қызыл түске өткен: Алматыда жас қызды басып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

Автобустан келген ажал. Алматыда бағдаршамнан өтіп бара жатқан 24 жастағы  қызды қоғамдық көлік қағып кетті. Ауыр соққыдан бойжеткен көз жұмды. 126 шы бағыттағы автобустың жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсін  елемеген. Оқиға бейнебақылау камерасына түскен.  41 жастағы жүргізушінің әріптестері болған жайға өзі кінәлі дейді.

Қас-қағым сәттегі қақтығыс. Айналаға қарамай аяғын аңдаусыз басқан арудың ажалы қоғамдық көліктен келді. Аптыққан автобус алдында тоқтаған көліктің артына аялдамай бірінші жолаққа жүйіткіп шығып бағдаршамның ескертуін елемей өте шыққан.

-Бір жанның өмірін жалмаған оқиға дәл осы Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды. Бағдаршамның жасыл түсіне бойжеткен өтем дегенмен, тағдырдың оған қызыл түсі жанғандай. Қыршыннан тағдыры осы жерде қиылды. Қатты соққыдан ол 20 метр қашықтыққа ұшып кеткен.

Бейнебақылау камерасындағы жазбаға қарағанда апат таңғы сегіз жарымдар шамасында тіркелген. Соққының қатты болғаны соншалық автобустың алдыңғы әйнегі шытынап кеткен. Жедел-жәрдем жеткенмен, ақ халаттылар 40-50 минуттай арпалысып, 24 жасар аруды өлім аузынан арашалап қала алмады. 126-шы бағыттағы қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушінің бұл әрекетіне әріптестерінің өзі «кінәлі» деген баға берді.

Қанағат Медеубаев, автобус жүргізушісі:

-Камерада бәрі көрінген ғой.

-Енді бұл жерде жүргізушінің қателігі ғой қызылға өтіп кеткен?

- Иә, қателігі.

-Ол әріптесіңіз білікті ме, қанша жыл істеген? 

-Көп жыл істеген ғой, 20 жылдай стажы бар.

126-шы бағыттағы автобус «Грин бас компани» мекемесіне тиесілі. 1977 жылғы Оңтүстік Қазақстанның тумасының оларға жұмысқа қабылданғанына екі жыл болған. Осыған дейін өрескел тәртіппен көзге түспеген білікті жүргізші болатын дейді.

Бақытжан Рысбаев «Green Bus Company» ЖШС директорының орынбасары:

-Жеңіл көлік тоқтап жатқан кезде әлі жасыл жанып тұрған. Сол кезде мен бірінші қатардан өтіп кетем деп сол кезде жолаушы жолға шығып қалып, қағып кеткен. Оны экспертиза өз қорытындысын шығарады.

Автобус айып тұрағына жөнелтіліп, жүргізуші уақытша тергеу изоляторына жабылды. Құзырлы органдар бейнебақылау камерасындағы жазбаны зерттеп, автобус қызыл түске өтті деген қорытындыға келді. Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалды. Ал, қоғамдық көлік тиесілі «Грин бас компани» мекемесі марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетеміз дейді. Бірақ, қайғыдан қан жұтқан отбасыны ақшалай демеу жұбата алмас...

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде