{metadescription}
Оралдық сақшылар жұртқа ұрлықтың қыр-сырын үйретті
Оралдық сақшылар жұртқа ұрлықтың қыр-сырын үйретті

Оралдық сақшылар жұртқа ұрлықтың қыр-сырын үйретті

Автобустағы жолаушылардың қалтасынан ұялы телефон, ақша сынды құнды заттарды қалай ұрлау керектігін көрсеткен полицейлердің әрекетінен шошынған тұрғындар бастапқыда қайтерін білмей аңтарылып қалды.

Жолаушылардың қалтасына қол жүгірткен тәртіп сақшыларының әрекеті бастапқыда елді таңқалдырғанды. Шу шығарған тұрғындарды полицейлер құжатын көрсетіп әрең дегенде тыныштандырды. Сөйтсе, оралдық сақшылар осылайша ұры-қарыдан қалай сақтану керектігін үйретпек болған екен. Автобуста сақтық сабағын өткізгендер ұрылар жиі қолданатын небір айланы көрсетті. Айтуларынша, қоғамдық көліктерде сұғанақтар көбейген. Салдарынан, соңғы бір айда ғана 118 адам оңбай опық жеген екен. Ұрылар олардың қалта телефоны мен ақшаларын үптеп әкеткен. Сондықтан «азаматтар сақ болсын деп амалсыздан ұры болдық» дейді тәртіп сақшылары.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде