{metadescription}
Бізде бәрі зың-зың: Ақтауда қабырғасы қақырай бастаған үйдің тұрғындары шу шығарды
Бізде бәрі зың-зың: Ақтауда қабырғасы қақырай бастаған үйдің тұрғындары шу шығарды

Бізде бәрі зың-зың: Ақтауда қабырғасы қақырай бастаған үйдің тұрғындары шу шығарды

Ақтауда құрылысы небары үш жыл бұрын біткен «Заветная мечта» тұрғын -үй кешенінен шу шықты. Өйткені көпқабатты ғимараттың қабырғаларын түртіп қалсаң құлайын деп тұр. Шаһардың 55 жылдығы қарсаңында үйдің сыртын сырлауға кіріскен сылақшылар сетінеп кеткен жерін көріп шошыған. Оны тіпті бейнетаспаға түсіріп алыпты. Сол роликтен соң ғана шенеуніктер мен мердігер компания өкілдері қимылдай бастады.

Бұл үйдің құрылысы әу бастан өнбей, он жыл бойы әрең салынған еді. Үлескерлердің арызымен мемлекеттен ақша бөлініп, осыдан үш жыл бұрын пайдалануға берілді. Бірақ сапасы ақыры оңбады. Жақында үйдің сыртын сырлауға кіріскен сылақшылар түртіп қалсаң құлағалы тұрған қабырғаны көріп шошыған. Оны таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.

-Сапалы салдық. Қысқасы бәрі бізде зың-зың… 

Бұл үйдің тұрғындары қақыраған қабырғаны көріп, ұйқыларынан айрылғанын айтады. Дереу жөндемесе, үйінді астында қаламыз деп қорқады.

Киікбай Бекбосынов, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Қозғалса бала-шағамыз бар, әрі қарай құлап кетсе не істейміз? Әрине бізге қорқынышты. Тексеріп қайтадан жасай ма? Ол сыртынан балшық жағып кеткеннен ол түзелмейді. Ол көрінбей қалады. Сондықтан дұрыс жасағанын жақсы көреміз.

Шенеуніктер сапасыз үйді комиссияның қалай қабылдап алғанын түсіндіріп бере алмады. Әйтсе де, мердігер компанияларды тезге саламыз деп отыр.

Қайрат Ақыбаев, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бұрынғы мердігердің де қателіктері болуы мүмкін. Сол себептен ең алдымен техникалық тексеріс жүргізу керек. Бұл үйлердің техникалық жағдайына байланысты.     

Үлескерлікпен салынған үйдің құрылысын бастаған мердігер жұмысын он жыл бойы аяқтай алмады. Кейін бюджеттен бір жарым миллиард теңге бөлініп өзге құрылыс компаниясы бітірді. Енді ондағы басшы құрылыстың сапасын ойлағаннан гөрі, жұрт баспанасыз қалдық деп шулаған соң үйді тез салуға асыққанын айтады. Әйтсе де, қақыраған қабырғасын қайта бітеймін деп уәде етіп отыр.

Кеше

25 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде