{metadescription}
Торонтода қанды қырғын жасаған студент болып шықты
Торонтода қанды қырғын жасаған студент болып шықты

Торонтода қанды қырғын жасаған студент болып шықты

Канаданың Торонто қаласында тротуарда кетіп бара жатқан 10 адамды қасақана қағып өлтірген күдікті ұсталды. Көшені қан жоса қылған қаскөй жергілікті колледж студенті боп шықты.

Ақ фургон тізгіндеген жігіт кенеттен жаяу жүргіншілер жолына шығып, өз жөнімен бара жатқан адамдарды жаппай таптай бастаған. Салдарынан, 10 адам ажал құшты. Тағы 15 тұрғын ауыр жарақаттанды. Көше бойын қан жоса қылған күдікті бірден қарасын батырған. Алайда, алысқа ұзап кете алмады. Оны қанға боялған көлігі арқылы полицейлер лезде тауып алды. Қаскөйдің нені көксегені әзірге белгісіз. Сондықтан, жергілікті билік болған жайтты «теракт» деп атаудан әзірге аулақ боп отыр. Ал 10 адамды жайратып салған күдіктінің есімі - Алек Минасян. 25 жастағы күдікті жергілікті колледждердің бірінде студент екен.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.