{metadescription}
Жамбыл облысында жаппай төбелес кезінде адам өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Жамбыл облысында жаппай төбелес кезінде адам өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысында жаппай төбелес кезінде адам өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының тұрғыны Нұрзат Тілеубеков енді 17 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Сондай-ақ, бұған дейін аса құпия сақталған атышулы іске тағы бес адамның қатысы бары белгілі болды. Олар да жазасыз қалмады. 

Бұл қылмыстық істің неге сонша құпия сақталғаны бізге де түсініксіз. Әу бастан-ақ осы оқиғаға қатысты құзырлы орыннан нақты ақпарат алу мүмкін болмаған. Тек бүгін ғана жаппай төбелес кезінде 30 жастағы Қаракемер ауылының тұрғынын атып өлтірген жігіттің аты-жөні белгілі болды. Нұрзат Тілеубеков – Құмтиын ауылының 30 жастағы тұрғыны. Оған адам өлтіру бабы бойынша айып тағылған. Оның кінәсі толық дәлелденіп, 17 жылға сотталды. Сондай-ақ, төбелес кезінде тағы бес адам болған екен. Бүгін бәрі де жазасын алды.

Жамбыл Жұмабеков, судья:

-Маймақов 6 жыл,  Амантаевқа 6 жыл, Олжас Жапаровқа 3 жыл 6 ай,  Ниятұлына 3 жыл, Нұрлыбаев 5 жыл шартты мерзімге сотталып, пробациялық бақылауда болады.

Жаппай төбелеске жалпы саны елуге жуық адам қатысқан. Оқиға орнында бір адам өлген. Оның денесіне 30 жерден бытыра тиген болатын. Тағы 9 адам жараланған болатын. Ал бұл оқиға былтыр күзде болған еді. Жанжалдың негізгі нұсқасы да енді айтылуда. Яғни оқ тиіп өлген жігіттің ағасы Құмтиын ауылында тұратын қызды ренжітіп алған. Сол үшін ауылдағы бір топ жігіт келіп оны өлімше етіп сабап кетеді. Кейін таяқ жеген жігіт 40-қа жуық адамды ертіп кек алуға барған. Сол сәтте қарудан оқ атылып, адам өледі. Бірақ айыптылушылар өздерін кінәлі сезінбейтін тәрізді. Айтуларынша, олар ауыл қызының намысын қорғаған.  Айта кетейін, жәбірленуші тарап үкіммен келісіп отыр. Ал сотталушылардың апелляциялық шағым түсірер-түсірмесі әзірге белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.