{metadescription}
Атбасарда жерге қатысты тағы дау шықты
Атбасарда жерге қатысты тағы дау шықты

Атбасарда жерге қатысты тағы дау шықты

Ақмола облысының Атбасар ауданында жер дауы ушығып барады. Тұрғындар тіпті жергілікті компания басшылары ауылға бөтен жігіттер әкеліп, жағамыздан алды деп шағымданып отыр. 10 мың гектар жер үшін осыдан 3 жыл бұрын басталған талас соңы қып-қызыл жанжалға айналды.

Жер үлескерлері бүгінгі кездесуге «Садовое -1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгерін кіргізбейміз деп шу ете түсті. Өре түрегелген жұрт Атбасардан келген шенді-шекпенділердің ешқайсысына да қарамады. Ақыры заңгерді залдан қуып шықты. Ал атқамінерлер өз жерлерін 3 жылдан бері қайтара алмай жүрген тұрғындардың бет алысы қатты болған соң, оларға басу айтпаққа келген.

Ләззәт Әміралина, жер үлескері:

-Өзіміз жиналыс өткізбек болған едік. 10 шақты жігіт кіріп келіп, құжаттарды да, бізді де лақтырды. Әйел ғой деп қарамады, қолымызды бұрап, қабырғаға тақады. Сол Мақсат Нұр деген жігіт серіктестіктің атынан ұялмай келіпті бүгін. Біз бұлардың үстінен шағым түсірдік. Ал полиция оны таба алмай жүр. Ол әне жиналысқа келді ғой.

Компанияның атынан жиналысқа келген бұл азаматты көрген жұрт тіпті ашуға мінді. Оның кетуін талап етіп, сөйлеуіне де мұрша берген жоқ.

Аталған компаниядан жерлерін қайтарып алғысы келген жұрт өткен жылы көктемгі егіс басталарда қатты текетіреске барған еді. Олар алқапқа шығып, техниканы жүргізбей, науқанды тоқтатып қойды. Сөйтіп, 5 мың гектарды даулап, өздері сенген компаниямен  егін сепкен. Енді биыл серіктестік кейін шегінбейтінін  ашық айтып отыр. Тұрғындар да өліспей беріспейміз,- дейді.

-Ауыл тұрғындарының бұлайша ашуға булығуына себеп те жоқ емес. 600 тұрғын өздеріне тиесілі жерді соңғы 3 жыл басқа біреулерге жалға беріп отыр. Енді жердің де, жолдың да тоз тозы шықты. Ал кәсіпкерлер әр үлескердің қолына орақтан соң 3 мың теңге ұстатып әбден мазақ қылды дейді жұрт.

Алмагүл Қадыралина, Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

-Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Иә, тұрғындардың кез-келген уақытта бөлініп кетуіне толық хақылы. Бірақ оның өз процедурасы бар. Қазір сот жүріп жатыр. Сондықтан жергілікті арқару органы бұл іске араласа алмайды.

Жұрт осылай дауласып жатқанда, көктемгі егіске аз уақыт қалды. Ал тұрғындар жерлерін қайтарып алу үшін, қандай әрекетке болсын әзір екендіктерін айтады. Олар егістік алқапта түнеп жатып алсақ та, оны ешкімге бермейміз деп тарқасты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.