{metadescription}
Жамбыл облысында кек алмақ боп адам өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды
Жамбыл облысында кек алмақ боп адам өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Жамбыл облысында кек алмақ боп адам өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Жамбыл облысында жаппай төбелес кезінде адам өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының тұрғыны Нұрзат Тілеубеков енді 17 жылын темір тордың арғы жағында өткізуі тиіс. Сондай-ақ, бұған дейін аса құпия сақталған атышулы іске тағы бес адамның қатысы бары белгілі болды. Олар да жазасыз қалмады. 

Өткен күзден бері құпия сақталған қылмыстық істің жай-жапсары бүгін ғана айтылды. Белгілі болғанындай, Қаракемер ауылының тұрғынын жаппай төбелесте құмтиындық  Нұрзат Тілеубеков атып өлтірген. 30 жастағы марқұмның денесіне 30 жерден бытыра тиіпті. Қансыраған ол оқиға орнында жан тапсырған. Адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тілеубековтің қылмысы толық дәлелденіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Және онымен бірге болған тағы бес жігіт те жазасын алды.  

Жамбыл Жұмабеков, судья:

-Маймақов 6 жыл,  Амантаевқа 6 жыл, Олжас Жапаровқа 3 жыл 6 ай,  Ниятұлына 3 жыл, Нұрлыбаев 5 жыл шартты мерзімге сотталып, пробациялық бақылауда болады.

Бұл төбелеске жалпы саны елуге жуық адам қатысқан. Оқиға орнында бір адам қаза тапса, 9 жігіт жарақат алыпты. Қанды оқиға былтыр күзде болған еді. Жанжалдың негізгі нұсқасы да енді айтылуда. Яғни қарудан қаза тапқан жігіттің ағасы Құмтиын ауылында тұратын қызды ренжітіп алған. Сол үшін ауылдың бір топ жігіті оны өлімші етіп сабап кетеді. Кейін таяқ жеген азамат 40-қа жуық адамды ертіп кек алуға барған. Сол сәтте қарудан оқ атылады. Бірақ айыпталушылар өздерін кінәлі сезінбейтін тәрізді. Айтуларынша, олар ауыл қызының намысын қорғаған. 

-Айта кетейін, марқұмның артында жары мен үш перзенті қалды. Балалардың ең кенжесі жеті айлық. Жәбірленуші тарап сот үкімімен толық келісіп отыр. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмейді. Ал сотталушылардың бұл тұрғыда қандай әрекет жасайтыны әзірге белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.