{metadescription}
Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды
Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Ақмола облысында марихуана шегіп алып, қызметтік көлік жүргізгені үшін ұсталған Жақсы ауданының бас сәулетшісі бүгін қызметінен кетті. Ол  құрылыс және сәулет бөлімін 8 ай ғана басқарған екен.

Жол полицейлері Қанат Аханбаевты наурыздың 23-і күні қызметтік көлігімен келе жатқанда тоқтатқан. Өзін біртүрлі ұстаған шенеунікті сот-медициналық сараптамаға жіберіпті. Сөйтіп, оның қанынан есірткі анықталған. 29 жастағы сәулетші Жақсы ауданында бұған дейін коммуналдық шаруашылықты басқарған. 3 жыл мемлекеттік қызмет атқарған Аханбаевтың бұл ісін Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесі қарап, оны қызметінен кетіру туралы аудан әкіміне ұсыныс жасады. Көлік жүргізу куәлігінен 3 жылға айырылған азамат жылы орнымен де осылай қош айтысты.

Қанат Аханбаев, Жақсы аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің бұрынғы басшысы: 

-Жасаған әрекетім үшін өкінемін. Есірткіні өмірімде бірінші рет татып көріп едім. Астанадан достарым алып келген.

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде