{metadescription}
Ақтауда үкімге келіспеген тараптар сот алдында төбелесе жаздады
Ақтауда үкімге келіспеген тараптар сот алдында төбелесе жаздады

Ақтауда үкімге келіспеген тараптар сот алдында төбелесе жаздады

Ақтауда өгей ұлын пышақтап өлтірген келіншек 15 жылға сотталды. Асырауында кәмелетке толмаған 4 баласы бар Тұрсынай Сәрсенованың қолына тура сот залында кісен салынды. Айыпталушының туыстары  үкіммен толық келісетінін айтқанымен, өлген баланың әкесі келіншегінің жазасын жеңілдетуді сұрап отыр. Үйде қалған балаларын енді ол жалғыз асырайтын болды. 

35 жастағы Тұрсынай Сәрсенова күйеуінің бірінші некеден туған 16 жасар ұлы Нұрсұлтанмен тіл табыса алмапты. Кезекті ұрыс барысында оған пышақ ала ұмтылған келіншек бозбаланың денесін 20 жерден кескілеп тастаған. Бір ай бойы сотта қаралған  іске бүгін нүкте қойылды.

-Кінәлі деп танылып,  оған 15 жыл мерзіміне бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерде өтеу белгіленсін. 

Сотта өз кінәсін толық мойындаған  Тұрсынай бозбаланың ауыр мінезіне шыдамағынан алға тартқан. Ал үкімге қанағаттандым деген Нұрсұлтанның туған анасына оның бұрынғы қайын жұрты тап берді.

Кәмшат Қожақова, өлген баланың анасы:

Әділ шешім деп ойлаймын.

- Неге туған шешесі болса қарамайды алмайды, сол кезде баласын, 13 жыл қайда жүрдің?

- Сен басында жоқсың, қасында жоқсың

- Неге тастайсың баланы? Бала керек болса, неге алып кетпейсің сонда?

Даудың соңы төбелеске ұласа жаздады.  Тараптарды сол маңдағы тәртіп сақшылары әрең ажыратып алды. Тұңғышынан өлідей, жарынан тірілей  айрылып тұрған марқұмның әкесі келіншегіне кесілген үкімді әділетсіз деп санайды.

Қайрат Асанов, Т.Сәрсенованың күйеуі:

-Қарсымын соттың шешіміне, қайта қарау керек. - Енді өлетін бала өліп кетті, тірі адам тірлігін көру керек. 4 баланы далаға тастаймын ба, жетім қыламын ба? Әділдік керек маған. Қайта апелляция жасатамын.

Тұрсынайдың адвокаты да тергеу барысында бірқатар заңсыздыққа жол берілді деп отыр. Айтуынша, бар дәлел тек айыпталушының өз кінәсін мойындауына ғана сүйенген. Жалпы, үкім заңды күшіне енгенше,  Тұрсынайдың туыстары облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмекші.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.