{metadescription}
Ақтөбе іргесіндегі тарихи қорғандар құрып кеткелі тұр
Ақтөбе іргесіндегі тарихи қорғандар құрып кеткелі тұр

Ақтөбе іргесіндегі тарихи қорғандар құрып кеткелі тұр

Өйткені әкімдіктегілер ешқандай зерттеу жүргізбестен жер телімдерін оңды-солды беріп жатыр. Ал заң бойынша екі жыл бұрын археологтарға тексертіп алуы керек екен. Бірақ оны орындамай отырғандарын шенеуніктердің өздері мойындайды.

Ақтөбе іргесінде зерттелмей жатқан сақ-сармат, тіпті қола дәуірінің қорғандары жетерлік. Археологтар ол жерге қазба жұмыстарын жүргізуге үлгермей жатыр. Ал шенеуніктер тарихи обаларға пысқырып та қарар емес. Себебі жоспар бойынша жылына сегіз мың жер телімін тұрғындарға тарату керек. Сондықтан зерттеуді күтпестен оңды-солды беріп жатыр.

Арман Бисенбаев, Марғұлан атындағы археология институтының БҚ бойынша өкілдігінің өңірлік өкілі:

-Қазақстан бойынша тарихи ескерткіштерді құрту жағынан Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Қаншама тарихи қорғандар қиратылуда. Сақ, қола дәуірінен қалған жәдігерлер зерттелместен, жаңа құрылыстың астында қалып жатыр. Соны көріп күйінесің.

Ең қызығы, Ақтөбенің бас жоспарын әзірлеген кезде оған  археологтарды жолатпапты. Қаланың бас сәулетшісінің өзі аймақтағы тарихи қорғандардың қай жерде барын білмейді. Ал заң бойынша құрылыс үшін жер телімін берер кезде мамандарға жер астын тексертіп алуы керек. Олармен санаспай отырғандарын шенеуніктер де мойындайды.

Таңат Шегебаев, Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:
-Айтылса осы жерде қорым бар, қазба жұмыстары жүріп жатыр деп айтса оның бәрін ескереміз. Әзірше археологтармен екі арада ешқандай не жоқ, байланыс жоқ.

-Ақтөбе шетіндегі алты аймақта тарихи қорғандардың барын археологтар құжатқа тіркепті. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ. Сол обалардың үстіне керсінше құрылыс салынып жатыр. Тарихи ескерткішті қиратқандар анықталғанмен, жеңіл жазамен құтылады. Ең төменгі мөлшердегі айыппұл төлейді екен.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде