{metadescription}
Армения халқы бас көтерді
Армения халқы бас көтерді

Армения халқы бас көтерді

Құрдымға кеткен келіссөз. Арменияда халық қайтадан бас көтеріп, ереуілді бастады. Бұған премьер-министрдің міндетін атқарушы Карен Карапетян мен оппозияция жетекшісі Никол Пашинянның ортақ мәмілеге келе алмауы себеп. Пашинян елдегі жағдайды реттеуге арналған талқылауға жаңа талаптар қойып отыр.

Оппозиция серкесінің сөзінше, келіссөзге журналистер қатыстырылып, сайлау өткізгенге дейін «халық өкілі» басқаратын уақытша үкімет жасақталуы тиіс. Тіпті, Никол Пашинян осыған дейін егер халық қаласа ел басқаруға әзір екенін жариялаған болатын. Алайда, премьер-министрдің міндетін атқарушы Карен Карапетян, Пашинян талап еткен бастаманы ақылға қонымсыз деп есептейді. Оның айтуынша, премьер-министрді көшеден емес, сайлау қорытындысының нәтижесіне сай тағайындау қажет. Естеріңізге салсақ, 11 күн бойы ереуілдеткен армян халқы премьер-министр Серж Саргсянды апта басында отставкаға кетірген. Бірақ, елдегі саяси ахуал әлі ушығып тұр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде