{metadescription}
Атыраулық азамат 2 миллион теңгенің уылдырығын «көшеден тауып алған»
Атыраулық азамат 2 миллион теңгенің уылдырығын «көшеден тауып алған»

Атыраулық азамат 2 миллион теңгенің уылдырығын «көшеден тауып алған»

Атыраулық полицейлер уылдырықта қала ішінде алаңсыз тасымалдаған азаматты ұстады. Күдіктінің сөзіне сенсек, ол осы жеңсік асты көшеден тауып алыпты.

Жергілікті азаматтың сөмкесіндегі уылдырық 14 пластикалық қорапқа бөліп салынған екен. Үйін тексерген кезде де тоңазытқыштан тағы екі қорап табылды. Тәркіленген қымбат тағамның жалпы салмағы – 8 келі. Қара базарда уылдырықтың бір келісінің 250 мың теңге екенін ескерсек, бұлардың жалпы құны 2 миллион теңгеге жуықтайды. Қазір осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде