{metadescription}
Алматыда ғимаратқа таласқан кәсіпкерлер жаға жыртысты
Алматыда ғимаратқа таласқан кәсіпкерлер жаға жыртысты

Алматыда ғимаратқа таласқан кәсіпкерлер жаға жыртысты

Қақпа алдындағы қырқыс! Алматыда екі құрылыс компаниясының бір ғимаратқа таласы қып-қызыл төбелеске ұласты. Біріншісі банкке берешегін төлей алмай, оның иелігі аукционға қойылған. Екінші компания оны сатып алғанмен, енді ішіне кіре алмай әлек. Ақысын төлегендер бүгін қақпаны қиратып кірді.

Сөзбен араша таппаған мәселе осылай арамен араздасуға ұласты. Ғимаратты аукцион арқылы сатып алған жаңа қожайындардың айтуынша, бұрынғы басшылық аумақты босатпай, құдды бір Отырар қамалындай қақпасын ашпай бекініп алған. Сыртқы қақпаны арамен кесіп, кіруге талпынғандарды арғы беттегілер сумен тоқтатуға тырысты. Оған да болмағасын, төбелерінен темір лақтырды.

Тәртіпті сақтауы тиіс сақшылар неге екені қайдам айқасты тоқтатуға асыққан жоқ. Басынан соққы алғандардың айқайы да оларды оятпағандай. Ғимараттың жаңа қожайынымыз дегендер, осылайша полицейлердің жан айқайын құлақтарына ілмейтінін, ешқандай шара қолданбайтынын алға тартады.

Зүлфия Ибрагимова, құрылыс компаниясының өкілі:

-Полицияға әр заңсыздыққа байланысты хабарласамыз. Шақырамыз. Бірақ, ауыздарына құм құйылып қайтады. Бізде соттың да шешімі бар. Қожайын біз. Бірақ сот орындаушылар неге екені белгісіз бізді қуып шығуға талпынып жатыр.

Ал, екінші компанияның өкілдері болса, мәжбүрлі түрде көшіру туралы соттың шешімі шықпайынша, орындарынан тырп етпеуге бекінген.

-Аукционға қойылды. Бірақ аукционға қойылған ең басты құжат жеке сот орындаушының қаулысы болды. Ол қаулы бүгінгі күні заңдық күшіне енген жоқ.

-Компания өкілдерінің тауы бүгін тағы да шағылды. Дарбазаны аралап өтеміз дегенмен, ол әрекеттерінен түк шықпады. Енді бассыздықтардың бәрін жіпке тізіп, олар Бас прокуратураға шағымданамыз деп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде