{metadescription}
Қарақшылық шабуылдан кейін Ақтөбенің жолдарында қауіпсіздік күшейді
Қарақшылық шабуылдан кейін Ақтөбенің жолдарында қауіпсіздік күшейді

Қарақшылық шабуылдан кейін Ақтөбенің жолдарында қауіпсіздік күшейді

Ақтөбе облысының аумағындағы жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әсіресе, жүк көліктеріне қарақшылар шабуыл жасаған трассаны тәртіп сақшылары тәулік бойына бақылауда ұстайтын болды. Бұрын тек бір ғана патрульдік жасақ кезекшілікке шығатын болса, енді олардың саны онға дейін көбейген.

Қазір жүк көлігін тізгіндеген жүргізушілер кешқұрым Ақтөбе облысындағы жолдармен жүруге қорқады. Өйткені бір айдың ішінде Ресейден келе жатқан екі көлікке қарақшылар оқ жаудырған. Бірінде жолаушы жарақат алса, бірер күн бұрын көлік жүргізушісі мерт болды. Қауіпсіздік шараларын күшейтуге осы жайттар себеп. Тәртіп сақшылары бұл оқиғалардың бір-біріне байланысы бар-жоғын айтпай отыр. Дегенмен, қала бойынша соңғы бес жылда жоғалған қаруларды іздестіріп, жол бойындағы көліктерді тінтіп жүр екен. Қарақшыларға тап болған қос көліктің көрші елден келуіне байланысты ақтөбелік тергеушілер Ресейдегі әріптестеріне де сұрау салған. Сондай-ақ, ішкі істер департаментіндегілер қанды оқиға болған күні Орынбор-Ақтөбе жолымен жүрген көлік жүргізушілерінен көмек сұрап отыр. Әсіресе, машинасына бейнетіркеуіш орнатқандар болса хабарласуын сұрайды.

Арман Мұхамедияров, Ақтөбе облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

-Бір емес екі аса ауыр қылмыс тіркелді. Сондықтан рейд ұйымдастырып, көліктерді тексеріп жатырмыз. Ең бастысы, Орынбор-Ақтөбе трассасымен қатынайтын көлік жүргізушілері бейнетіркеуішке түскен кадрлерді мұқият қараса екен. Қылмыскерлер таспаға түсіп қалуы да мүмкін ғой.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.