{metadescription}
Алматының автобустарында кондукторлар ақыры қалатын болды
Алматының автобустарында кондукторлар ақыры қалатын болды

Алматының автобустарында кондукторлар ақыры қалатын болды

Тасымалдаушылар, амалсыздан, оларды заң жүзінде жұмысқа қабылдағалы жатыр. Мың жарым кондукторға жалақы төлеу үшін автобус парктері күндік жоспарды көбейтпек. Мәслихат депутаттары қойған ультиматумнан шығар жалғыз жол әзірге осы болып тұр.

Әр автобустан табылатын заңсыз кондукторларға Мәслихат депутаттарының шүйліккені есте. Тіпті, 1 айдың ішінде оларды заң жүзінде жұмысқа қабылдауды, не қоғамдық көліктерден мүлдем қуып шығуды бұйырған. Бірақ, межелі уақыт жетсе де, жолақыны әлі де көрінген адам жинап жүр.

Негізі, қалада электронды төлем жүйесі іске қосылғанда кондукторлардан түбегейлі құтылу жоспарланған. Бірақ, сол күйі іске аспады. Енді, міне, тасымалдаушылар жолақы жинаушыларды заң жүзінде жұмысқа қабылдауға мәжбүр болып отыр. Тек бұл үшін еш жерден қаржы бөлінбеген. Сондықтан, тығырыққа тірелген автопарктер қыруар шығынның орнын күндік жоспарды көбейту арқылы толтырмақ.

Бауыржан Құлышев, «Green Bus Company» ЖШС директоры

-1 жарым мың кондукторды аламыз. Айлығы, 60-70 мың.

Мың жарым кондукторға ай сайын 120 миллион теңге төленуі қажет. Оларды ресми түрде жұмысқа алмасқа тағы болмайды. Өйткені, жолақы жинаушылар болмаса, автобус парктерінің түсімі 2 есеге азайып кетеді екен. Жағдайды бақылауы тиіс транспорт холдингінің қызметкерлерінен де түк пайда жоқ.

Сәбит Аманбаев, Алматы тасымалдаушылар қауымдастығының президенті:

-Кондуктор болмаса олар төлемей кетеді. Төлемесе табыс жиналмайды. Табыс жиналмаса, ертең біз жанармай сатып ала алмаймыз да, мына маршрутқа автобус шығара алмайтын боламыз. Сол себепті, біз мәжбүр болғаннан кондукторларды ұстап жатырмыз.

Кондукторлар мамырдан бастап құжат жүзінде жұмысқа кіре бастайды.  Тасымалдаушылар қазір мегаполистегі жолаушыларға қызмет көрсету тым сапасыз екенін ашық айтып отыр. Бұған қалтаның жұқалығы себеп. Ал, түйткілді мәселелерді шешу үшін, биліктен қосымша субсидия сұрайды. Бірақ, шенділердің ондай құлқы жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде