{metadescription}
Астанада қақыраған қабырғаны ерекше тәсілмен жамап-жасқаған құрылысшылар жұртты таңқалдырды
Астанада қақыраған қабырғаны ерекше тәсілмен жамап-жасқаған құрылысшылар жұртты таңқалдырды

Астанада қақыраған қабырғаны ерекше тәсілмен жамап-жасқаған құрылысшылар жұртты таңқалдырды

Астанада қабырғасында жарықшақ пайда болған  көпқабатты үйді жөндеген құрылысшылардың әрекеті жұртты шошытты. Өйткені қатты желден  қабырғаның қақыраған  жеріне   шеге қағып  бекітіп тастаған. Бұдан секем алған жұрт енді үйлеріне кіруге қорқып жүр.

Талап Жақыпов, Астана қаласының тұрғыны:

-Жұмыстан келгенде үйдің маңын қоршап тастағанын көрдім. Қорқынышты жағдай.  Қабырғаның қаптамасы ажырап кетті дейді. Соған сенгіміз келеді.

Қақыраған қабырғаны жұмысшылар әлі жөндеп жатыр. Тек бір қызығы оны шегемен бекітуге кіріскен. Бұл жайт тұрғындарды толғантып отыр. Себебі қайта жел тұрса, оны жұлып әкетуі мүмкін дейді. Ал шенеуніктер қабырғаның құлайын деп тұрғанын жоққа шығарды. Айтуларынша, жылу ұстайтын сыртқы материал ажырап кеткен.

Сәния Молдахметова, қызмет көрсетуші компанияның техникалық директоры:

-Қабырғаға жапсарласып қағылған тақта қақырады. Ол баспанаға жылу береді. Ешқандай да қауіп жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде