{metadescription}
Таразда түрме есірткі саудасының ордасына айналған
Таразда түрме есірткі саудасының ордасына айналған

Таразда түрме есірткі саудасының ордасына айналған

Таразда ЖД 158 /7 түзеу мекемесіне есіртікі кіргізген сол колонияның лауазымды қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Жазасын өтеушіге 7 жарым грамм марихуананы 20 мың теңгеге сатқан режим бөлімі бастығының орынбасары енді 11 жылын темір тордың арғы жағында өткізбек.

Капитан Дәуренбек Дәулетбеков жазасын өтеушіге есірткіні өзі ұсынған. Бірақ сотталған азамат бұл жайында өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы прокуратураға хабарлап қойыпты. Сөйтіп, режим бөлімі бастығының орынбасары марихуананы кіргізген кезде ұсталған. Ал, келісілген ақша оған алдын ала берілген болып шықты. Ол мұндай заң бұзушылыққа бірінші рет барған көрінеді. Бірақ, сонда да судья оған аяушылық танытпады. 11 жылға сотталған ол капитан шешінен де айырылды.

Азамат Тілепов, судья:

-45 мың берсең мен саған 3 стакан марихуана кіргізіп беремін деп келіскен. Маған қатты ұстайтыны керек емес, кәдімгісі керек деген. Кейін  20 мың теңгеге келіскен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.