{metadescription}
 «Кел, келінім» реалити-шоуы ең тартысты тұсына жетті!
 «Кел, келінім» реалити-шоуы ең тартысты тұсына жетті!

«Кел, келінім» реалити-шоуы ең тартысты тұсына жетті!

Бақытын іздеп келген 8 қызды енелер аса қиын сынақтардан өткізуде. Сыннан сүрінген бойжеткендерге жобаның есігі жабылады. Орнына апта сайын 1 жаңа үміткер қосылып отырмақ. Бағдарламада күтпеген жағдайлар да көп болып жатыр. Тіпті, жігіттер жұдырықтасып, қыздар жағы жанжалдасуға дейін жеткен.

Қыз мұраты кету. 8 сұлу «Кел, келінімнен» өмірлік қосағын іздей келген. Осындағы жігіттердің аяулы жары болғылары келеді. Алайда, қатысушы серілер саны төртеу ғана. Сондықтан да бойжеткендер бір-біріне қарсылас. Қазірдің өзінде олар өзара жанжалдасып, күтпеген жағдайлар орын алуда.

Жобадан аптасына бір қыз шығарылады. Оның кім боларын енелер шешпек. Алайда, аналарға ұнамаған бойжеткенді көрермендер дауысы құтқарып қалуы мүмкін. Жолы болмай, қош айтысқан қыздың орнына жаңа үміткер қабылданады. Мұндағы әр жігіттің аруларға қояр ерекше талабы бар. Жоба барысында олар да өзара түсініспей қалып жатыр.Жігіттердің жар таңдауда қателеспеуіне аналары көмектесуде. Олар қыздарды жан-жақты сынап жатыр. Тіпті, күн өткен сайын тапсырмалары күрделеніп барады. 

Фариза Ескермес, «Кел, келінім» реалити-шоуының жүргізушісі:

-Аналарымыз қыздарды түрлі сынақтармен сынап жатыр. Яғни, мысалға келтіретін болсақ, нан жаю, құрт, жент жасау, сүт саууға дейін бар. Алдағы уақытта қандай сынақтар болатынын мен білмеймін. Аналарымыздың өздері ойластырып жатыр.

Ендеше, «Кел,келінімнің» қызығы әлі алда. Бойдақтар алаңында не болып жатқанын дүйсенбі-жұма аралығында көре аласыздар. Күндізгі 3-тен 6-ға дейін КТК қосулы болсын. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде